jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Кредиттік тарихты қалай тексеруге болады

    Есеп жүргізіп отырған адам
    Есеп жүргізіп отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Кредиттік тарих – бұл жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның атына ресімделген барлық кредит пен қарыз туралы, сондай-ақ олардың уақтылы қайтарылуы туралы ақпаратты қамтитын ресми құжат. Қазақстан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік тарихты қалай тексеруге болатыны туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Кредиттік тарихты қалыптастыру бірінші қарыз ресімделген сәттен басталады. Бұл банктердің, микроқаржы ұйымдарының және басқа қаржы институттарының жаңа кредиттік өтінімдерді қарау кезінде төлем тәртібін бағалау үшін қажет. Оң кредиттік тарихтың болуы болашақта қарыз алу мүмкіндігін арттырады.

    Қазақстанның әрбір азаматы күнтізбелік жылда бір рет өзінің дербес кредиттік есебін тегін алуға құқылы. Сол жылы қайта сұрау салу ақылы болады.

    Есепті мынадай тәсілдермен алуға болады:

    • Бірінші кредиттік бюроның сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы;
    • eGov.kz порталы арқылы;
    • ХҚКО, "Қазпошта" бөлімшелерінде және Бірінші кредиттік бюроның кеңсесінде;
    • Мемлекеттік кредиттік бюро арқылы.

    Егер сіз өзіңіздің кредиттік есебіңізде дәйексіз деректерді – мысалы, өтелген қарыз немесе толық төленген кредит бойынша төлем мерзімін кешіктіру туралы жазбаны байқасаңыз, міндетті түрде тиісті банкке немесе МҚҰ-ға хабарласыңыз. Шағымдарыңызды тиісті құжаттармен растаңыз.

    Дәйексіз ақпаратты Fingramota.kz сайты арқылы да даулауға болады: "Өнімдер мен қызметтер" бөліміне өтіңіз, содан кейін – "Кредиттік тарихтағы ақпаратты даулау" бөліміне өтесіз, ЖСН мен телефон нөмірін көрсете отырып, арнайы нысанды толтырыңыз. Жобаны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп іске асырады.

    Қаржылық қауіпсіздікті арттыру және ықтимал алаяқтық әрекеттерге уақтылы ден қою үшін "Кредиттік тарихты бақылау" қызметін қосу ұсынылады. Бұл сіздің кредиттік тарихыңыздағы кез келген өзгерістер кезінде – жаңа қарыздар, төлем мерзімін кешіктірулер, берешектің өзгеруі және басқа оқиғалар туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді.

    Қызметті eGov.kz порталы, Бірінші кредиттік бюроның сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы қосуға болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.