jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстандағы Starlink: қанша тұрады, қалай қосылуға болады және кім үшін тиімді болмақ

    Starlink
    Starlink. Фото: SOPA Images / Contributor / Getty Images

    Илон Масктың интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылды. Сатып алушыға бірнеше тариф қолжетімді болмақ. Елімізде Starlink-ке қосылу қанша тұрады, қалай қосылуға болады және кім үшін тиімді екенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Starlink компаниясы Қазақстанда спутниктік интернет қызметін ұсына бастады, оның ішінде стационарлық және мобильді қосылым тарифтері бар.
    • Қызметті пайдалану үшін арнайы жабдық (201 000 немесе 104 000 теңге) сатып алу қажет, ал айлық абоненттік төлем тарифке байланысты 23 000-нан 52 000 теңгеге дейін.
    • Starlink-ке қосылу үшін компанияның сайтында тапсырыс беріп, жабдықты орнату керек, ол 1-2 апта ішінде жеткізіледі және 30 күндік сынақ мерзімі қарастырылған.

    13 тамызда Starlink ресми түрде Қазақстанда спутниктік интернет қызметін ұсына бастады.

    Абоненттерге қандай бағалар ұсынылатынын және бұл қызмет қандай мүмкіндіктер ашатынын білу үшін біз Starlink компаниясының ресми сайтындағы ақпаратты зерттедік. Компания қазақстандықтарға спутниктік интернеттің екі бағыты мен төрт тариф түрін ұсынып отыр.

    Ең алдымен, жабдықты сатып алу қажет — қосылатын жиынтық роутері бар Standart форматтағы станция (201 000 теңге) немесе кіріктірілген роутері бар Mini (104 000 теңге) станциясы. Екі станцияға да қуат беру блогы, кабельдер, бекіткіштер мен тіректер қатар беріледі.

    Жеке тұлғалар үшін қызметтердің бағасы тарифке байланысты өзгеріп отырады (станцияны сатып алған жағдайда бүгінгі күнде ұсынылатын баға).

    Үйге арналған

    Қазақстан бойынша үйде қолдану үшін интернетті қостыру кезінде абоненттер мынадай тарифтерге қол жеткізе алады:

    • RESIDENTIAL LITE (қосылу жылдамдығы 45-130 Мбит/с) – трафикті аз тұтынатын үй шаруашылықтары үшін қолайлы. Интернет шексіз болады, бірақ басымдығы төмен (жүктеме ең жоғарғы шегіне жеткен сағаттарда жылдамдық төмендейді) және еліміздің кей аймағында қолжетімсіз (сайтында қолжетімділігін тексеруге болады). Айына 23 000 теңге (жылына 276 000 теңге);
    • RESIDENTIAL (100-270+ Мбит/с) – айына 31 000 теңгеге (жылына 352 000 теңге) шексіз интернет ұсынылады.

    RESIDENTIAL тарифі көп балалы отбасылар үшін немесе көршілермен бірігіп қолдану үшін тиімді болуы мүмкін. Ал егер отбасыңыз шағын болса және интернетті аз тұтынатын болсаңыз, онда сізге RESIDENTIAL LITE тарифі қолайлы болмақ.

    Айта кету керек, станция бір нүктеде тұрақты түрде орнатылады. Ал ел ішінде немесе шетелде еркін қолдануыңыз үшін интернетке қосылудың басқа опциясын таңдауыңыз қажет.

    Starlink
    Starlink. Көрнекі фото: Rafael Henrique/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

    Саяхатқа арналған

    Абоненттерге басқа елдерге немесе өңірлерге саяхаттау қажет болған жағдайда, тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелде (100-ден астам елде), жағалаудағы аудандарда және жол жүру кезінде интернетке қол жеткізуге мүмкіндік беретін арнайы ROAM тарифтері (100 Мбит/с жоғары) ұсынылған.

    Қажет болған жағдайда, құрылғыны пайдаланбайтын күндері қызметті тоқтатып, арзан тұратын күту режиміне өтуге болады.

    Мұндай шарттары бар тарифтер:

    • ROAM, 50 ГБ (кей елдерде қолжетімсіз) – трафикті аз тұтынатын сирек жеке сапарларға жарамды және айына 26 000 теңге тұрады (жылына 312 000 теңге);
    • ROAM (ШЕКСІЗ) – айына 52 000 теңге тұратын (жылына 624 000 теңге) тұрақты саяхат үшін өте қолайлы нұсқа.

    Starlink-ке қалай тапсырыс беруге және қосылуға болады

    Компанияның веб-сайтында Starlink-ке тапсырыс беру кезінде жазылушыларға 30 күндік сынақ мерзімі (келісімшартқа отырмай) берілетіні, оның барысында олар ақшаны қайтара алатыны айтылған.

    Тапсырыс беру үшін мекен-жайыңызды, байланыс ақпаратыңызды және ЖСН-ді көрсетуіңіз керек. Төлем тікелей компанияның веб-сайтында жүзеге асырылады. Жеткізу 1-2 аптаға созылады.

    Интернет
    Интернет. Көрнекі сурет: freepik.com

    Құрылғыны қабылдаған кезде станция аспанға еркін бағыттала алатын орынды таңдау керек. Тарифке қосылу үшін қажет болатын әрі тегін жүктелетін Starlink қосымшасында станцияның қосылуына айналада кедергілер бар-жоғын тексеруге болады.

    Содан кейін роутерді станцияға қосып, (егер сізде Starlink Standart нұсқасы болса) оны қуат көзіне қосу керек. Бірнеше минут ішінде станция спутниктермен байланыс орнатады, содан кейін қосымшада қажетті тарифті таңдауға болады.

    Барлық орнату және баптау қадамдары қосымша берілетін нұсқаулықта сипатталған.

    Қазақстандағы Starlink: қанша тұрады, қалай қосылуға болады және кім үшін тиімді болмақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.