Таза ауа мен үнемділік: неліктен қазақстандықтар үшін гибридті көліктер ең жақсы таңдау болып отыр
Опубликовано:
Гибридті автокөліктерде жанармай шығыны мен зиянды қалдықтарды азайтуға мүмкіндік беретін бензин қозғалтқышы және электр моторы үйлесім тапқан. Бұл – ақшасын үнемдеп, қаланың экологиясын жақсартқысы келетін адамдар үшін таптырмас таңдау.
Қазақстан жолдарында баламалы энергияны пайдаланатын көліктер бірте-бітрте көбейіп келеді.
Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығының мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ел жолдарында қазірдің өзінде 15,8 мың электромобиль және 523,4 мың гибридті көлік жүріп өткен.
Сонымен қатар гибридті автомобильдерді таңдау ел тұрғындары үшін ең оңтайлы шешім болып отыр: география мен инфрақұрылымнан бастап автокөлік иелеріне қаржылық тұрғыдан да тиімді.
Гибридті автокөліктер қалай жұмыс істейді
Гибридті автомобильдер электрлі көліктер мен кәдімгі автокөліктердің ортасы деуге болады — оларда іштен жану қозғалтқышы (IЖҚ) және электр қозғалтқышы бар. Көп жағдайда бензин негізгі жанармай болып саналады.
Бұл комбинация арқылы әр қозғалтқыштың артық тұстарын қолдануға болады: олар көлік жақсы жүру үшін бір-бірін толықтырады. Гибридті автомобильдер екі принцип бойынша жұмыс істейді:
- Параллель жүйе – электр қозғалтқышы стартты «өз мойнына алады», төмен жылдамдық пен кептелістер кезінде іштен жану қозғалтқышы жанармайды ысырап етеді, ал бензин қозғалтқышы тас жолда немесе қуат қажет болғанда жылдамдықты арттырғанда іске қосылады. Бұл гибридті автомобильдің негізгі түрі;
- Тізбектелген жүйе – іштен жану қозғалтқышы тек батарея генераторы ретінде жұмыс істейді, ал дөңгелектер тек электр қозғалтқышының күшімен айналады. Дегенмен бұл опциялар сирек кездеседі.
Мұның бәрі жүйенің ойдағыдай болуына әсер етеді – іштен жанатын қозғалтқыш механизмдерінің қызмет ету мерзімі артады, ал электр қозғалтқышы бөліктері ұзағырақ жұмыс істейді және ІЖҚ секілді тұрақты техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді.
Бұл артықшылықтарды әсіресе Қазақстан жолдарында айқын сезінуге болады.
Неліктен гибридті көліктер – қазақстандықтар үшін мінсіз таңдау
Қалалар мен елдімекендер арасындағы үлкен қашықтық пен қатты аяздан бастап аптап ыстыққа дейінгі қолайсыз климаттық жағдайлар – Қазақстанның ерекшеліктері.
Дәл осы факторларда гибридті көліктер өз тиімділігін көрсете алады:
- ұзақ қашықтыққа жүру мүмкіндігі – ІЖҚ мен электр моторының үйлесімі “бір бакпен жүретін” жолдың ұзақтығын кәдімгі бензин көліктерімен және электромобильдермен салыстырғанда айтарлықтай арттырады;
- кез келген ауа райына бейімділігі – жаңа қуат көздеріне негізделген басқа көлік түрлерімен салыстырғанда, кез келген жағдайға дерлік бейімделе білетін гибридті автокөліктер қатты аязда да, ыстықта да тиімді жұмыс істеу қабілетін сақтайды;
- инфрақұрылым– ІЖҚ жұмысы мен тежегішке басу кезінде батареяны қайта қуаттау мүмкіндігі, гибридтік көлік иелеріне өз елдімекенінде арнайы қуаттау станциялары бар-жоғын ойлап, алаңдамауға жағдай жасайды.
Нәтижесінде мұндай көліктерді қала ішінде де, қалааралық сапарларда да тиімді пайдалануға болады. Бұл ретте мұндай экологиялық көліктің артықшылықтарын көлік жүргізушілерінің өзі сезіне алады.
Қаржы жағынан ғана емес, басқа тұстарында да байқалатын тиімділік
Іштен жану қозғалтқышы (ІЖҚ) бар кәдімгі көлік иелерінің басты шығындарына мыналар жатады:
- Жанармай – көп мөлшерде жанармай тұтынатын көлік жиі жанармай құюды қажет етеді, бұл шығындарды арттырады;
- Қызмет көрсету – ІЖҚ-ның жұмысы үнемі май, сүзгілер мен басқа да шығын материалдарын ауыстыруды талап етеді. Қозғалтқыш үздіксіз жұмыс істеген сайын бұл қызметтердің жиілігі мен шығыны да өседі.
Ал гибридті көліктерде бұл шығындар айтарлықтай азаяды. Себебі қозғалысты бастау кезінде және төмен жылдамдықта қолданылатын электр моторы қалада жанармай шығынын айтарлықтай азайтады. ІЖҚ-ның жұмыс істеу уақыты азая түсетіндіктен, оның тозу деңгейі де төмендейді, бұл – жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге кететін шығынды азайтады.
Осылайша, электр моторы батареясын қуаттайтын регенеративті тежеу тежегіш қалыбын қолдану мерзімін екі есе ұзартады. Ал батареялар 10 жылға дейін шыдас береді және оған қатысты өндіруші кепілдігі қоса ұсынылады.
Экологиялылығы да – маңызды артықшылық: гибридті көліктер тек бензинмен жүретін көліктерге қарағанда 20–40 пайызға аз CO2 және басқа зиянды заттар бөледі. Бұл Алматы, Астана сияқты ірі қалалардың ауасын жақсартуға сеп болады.
Сол себепті гибридтер – ІЖҚ мен электр көліктерінен гөрі Қазақстан ерекшеліктеріне бейімделе алатын оңтайлы әрі тиімді шешім. Олар ақша үнемдеуге мүмкіндік беруден бөлек, қоршаған ортаны жақсарту мәселелерінде өз үлесін қосады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2303247-taza-aua-men-unemdilik-nelikten-qazaqstandyqtar-ushin-gibridti-kolikter-eng-zhaqsy-tangdau-bolyp-otyr/