Geely Galaxy гибрид автолары суббренді Қытай автонарығындағы орнын нығайта түсті
Опубликовано:
Geely Auto автоконцерні Қытай нарығы көшбасшыларының арасындағы орнын нығайтып, дами түсуде. Бұл ретте экологиялық шешімдерге бағытталған Geely Galaxy суббрендінің сатылымы екі есе артқан.
ITHome порталының деректеріне сай, Geely Auto автоөндірушісінің әлемдік нарықтағы беделі артқан.
2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деректер бойынша сатылған авто саны 2024 жылғы дәл осы кезеңдегі көрсеткіштермен салыстырғанда 46 пайызға артқан, яғни үш-ақ тоқсан ішінде 2,2 млн-ға жуық автомобиль сатылған.
Сонымен бірге экспорттық сатылымдар саны 296 128 бірлікке тең болған, бұл дегеніңіз дәл Қытай нарығындағы сұраныс артқанын көрсетіп отыр. Ал концерн брендтері арасында Geely көш бастап тұр. Сатылған көліктердің 1,8 млн-ы осы брендке тиесілі.
Айта кету керек, гибрид модельдерімен танымал Geely Galaxy суббрендінің сатылымдары да айтарлықтай, екі есеге дейін артқан. 2025 жылдың үш тоқсанында дәл бұл автомобильдердің 894 985 бірлігі сатылып үлгерген.
Не себепті гибрид көліктерге деген қызығушылық артып келе жатыр
Баламалы энергия көздері арқылы қуаттанатын автомобильдерге деген қызығушылық бірнеше себеппен артып отыр. Олар:
- үнемділік – дәстүрлі "іштен жанатын қозғалтқыштары бар" (ІЖҚ) автоларға қарағанда отын мен қызмет құны арзанға түседі,
- экология үшін зияны жоқ – зиянды қалдықтар шығару деңгейі төмен, соның есебінен ірі қалалардағы ауа сапасының жақсаруына себеп бола алады,
- қолжетімділік – автобрендтер түрлі ыңғайлы бағдарлама мен тиімді бағада модельдерін ұсынады.
Мұндай шешімдердің арқасында дәл осы гибридтер Қазақстанда анағұрлым көп сұранысқа ие бола түсті – оларда ІЖҚ бар автолар мен электркарлардың ең жақсы қасиеттері үйлестірілген.
Мәселен, ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда 393,3 мың гибрид көлік, 15,7 мың бірлік электркар бар екен. Сондай-ақ баламалы энергия көздері арқылы қуаттанатын отандық авто нарығы жаңа модельдермен толығуы әбден мүмкін.
Қазақстандағы экологиялық таза автолар нарығындағы жаңа модельдер
2025 жылғы 21 қарашада Алматыда Geely Galaxy ұсынып отырған жаңа модельдердің таныстырылымы өтпек. Онда бренд желісіндегі мынадай қолжетімді жаңа үлгілер ұсынылады:
- Galaxy EX5 EM-i – Thor EM-i бірегей қолданбасы бар гибрид кроссовер. Ол әлемдегі ең жоғарғы жылу тиімділігінің бірін 46,5% деңгейінде қамтамасыз етеді. Бұл кроссовер 100 км-ге 2 л отын шығындай отырып, бір бакпен 1400 км-ге дейін еңсере алады,
- Galaxy Preface – бизнес санаттағы CMA премиалды платформасы негізінде жасалған кең седан;
- Geely Cityray – жылдам, клиренсі жоғары, технологиялық және үнемді, қала ішінде жүруге арналған серпінді кроссовер,
- Galaxy EX5 – толығымен электр қуаты арқылы қуаттанатын, бар болғаны 17 минуттың ішінде 10-нан 80%-ға дейін қуаттауға қауқарлы ShenDun Golden Battery жаңа буын аккумуляторы орнатылған, сонымен бірге бүліну мен төменгі немесе жоғарғы температуралардың әсерінен сақтайтын жақсартылған қорғанысы бар кроссовер.
Бұл жаңа үлгілер жоғары технологиялар арқылы жасалған, ыңғайлы әрі қауіпсіз. Автомобильдердің мұндай жаңа буыны жайлы және тиімді бола тұра, қоршаған ортаны сақтауға үлкен үлес қосады.
Осылайша, Geely Auto түрлі міндеттерді шешуге бағытталған жаңа шешімдер ұсына отырып, жаһандық нарықты белсенді түрде жаулауда. Ал Allur сынды Қазақстандағы ірі автоөндіруші және дистрибьютордың арқасында отандық автосүйер қауым брендтің ең үздік модельдеріне қол жеткізуге мүмкіндік алып отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2310801-geely-galaxy-gibrid-avtolary-subbrendi-qytai-avtonarygyndagy-ornyn-nygaita-tusti/