"Төмендемейді": "Отбасы банк" басшысы тұрғын үй бағасына қатысты болжамын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Отбасы банк" басшысы Ляззат Ибрагимова үкімет отырысында тұрғын үй бағасына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ляззат Ибрагимованың айтуынша, 2026 жылы нарыққа 2000 жылдары туған балалар келеді.
"2000 жылы бізде 222 000 бала дүниеге келген. Ал 2007 жылға қарай 321 900 бала туды. Мен демография және осы мәселемен айналысатындықтан, сандарды жатқа білемін. Яғни, сол жеті жыл ішінде өсім 15 000-20 000-ға жетті, ал қазір сол жастар нарыққа еніп жатыр. 2000 жылы туғандар қазір 26-27 жаста, олар тұрғын үй нарығында жоғары сұраныс тудырып жатыр", - деп атап өтті ол.
Ляззат Ибрагимованың сөзінше, былтыр Қазақстанда 20,5 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 150 000-нан астам пәтер салынды. Ал олар түрлі бағдарлама бойынша және екінші деңгейлі банктер арқылы белсенді түрде сатылып жатыр.
"2009 жылға дейін айтарлықтай өсім болды деп айта аламын, біз мұны қазіргі неке санынан көріп отырмыз. Қазақстанда жыл сайын 120 000-нан 130 000-ға дейін неке тіркеледі. Былтыр ең төменгі көрсеткіш тіркелді — 114 000 неке. Ал жаңа отбасы құрылған кезде, олар ең алдымен үй сатып алуды жоспарлайды. Сондықтан 2000 жылдан 2009 жылға дейінгі бұл демографиялық процесс, яғни бейби-бум, 2026-2027 жылдары тұрғын үй сұранысына да айтарлықтай әсер етеді.
Баға төмендемейді, мұны нақты айта аламын. Әртүрлі факторлар болады. Екінші нарық тоқырауға ұшырауы мүмкін. Бастапқы нарықта көп нәрсе құрылыс материалдарының, шикізаттың және жалақының құнына байланысты болады. Бірақ демографиялық көрсеткіштер мен қазіргі көрсеткіштерге қарағанда, төмендеуі екіталай", - деп атап өтті "Отбасы банк" басшысы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2351943-tomendemeidi-otbasy-bank-basshysy-turgyn-ui-bagasyna-qatysty-bolzhamyn-aity/