jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Ұмай" ипотекалық бағдарламасы қашан қайта іске қосылатыны белгілі болды

    ипотекалық бағдарлама
    Кілт ұстап тұрған әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін үкіметтегі баспасөз мәслихатында "Отбасы банк" басшысы Ляззат Ибрагимова әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекалық бағдарламасының қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ""Ұмай" ипотекалық бағдарламасын жалғастыру жоспарланып отыр. Біз Азия даму банкімен меморандумға қол қойдық. Қазір барлық қажетті құжатты пысықтап жатырмыз. Жоспарланған сома (тартылатын сома – ред.ескертпесі) 90 млрд теңге – 50 пайызы "жасыл" ипотекаға және 50 пайызы "Ұмай" ипотекасына, максималды сома 45 млрд теңге", - деді Ляззат Ибрагимова.

    Оның айтуынша, әлеуметтік желіде жазып, мерзімдер туралы сұрап жатқан азаматтар көп.

    "Бәріміз күтіп отырмыз. Шілде немесе тамыз айында бастауды ойластырып жатырмыз", - деді ол.

    Сондай-ақ бүгін "Отбасы банк" басшысы тұрғын үй бағасына болжам жасады. Сондай-ақ "Отбасы банк" коммерциялық ипотека беруді тоқтатуы мүмкін екені айтылды.

    "Ұмай" ипотекалық бағдарламасы қашан қайта іске қосылатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.