jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Forbes әлемдегі ең бай адамдардың рейтингін жариялады: тізімге алғаш рет Қазақстанның тағы екі азаматы кірді

    Шенеунік
    Ер адам. Иллюстрациялық фото: Рexels.com

    Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингін жариялады. Көшбасында Илон Маск тұр, сондай-ақ тізімге Қазақстанның сегіз азаматы кірген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әлемдегі ең бай адамдардың кезекті рейтингінде Илон Маск екінші жыл қатарынан көш бастады. Tesla, SpaceX компанияларының негізін қалаушы және X әлеуметтік желісі иесінің байлығы 839 миллиард долларға жеткен.

    Екінші орында Google-дің негізін қалаушы Ларри Пейдж тұр. Оның байлығы – 257 миллиард доллар. Үшінші орында Google-дің тағы бір негізін қалаушы – Сергей Брин. Оның байлығы 237 миллиард долларға бағаланған.

    "Былтыр халықтың әл-ауқаты бұрын-соңды болмаған қарқынмен өсті, өйткені байлар көз ілеспес жылдамдықпен байып жатыр. Биыл тізімде 3428 миллиардер бар, бұл былтырмен салыстырғанда 400 адамға көп және бұл – тізім 1987 жылы құрылғаннан бергі рекордтық көрсеткіш", - делінген материалда.

    Тізімдегі қазақстандықтар

    Сонымен қатар миллиардерлер рейтингіне танымал қазақстандық сегіз кәсіпкер кірген. Олар: Вячеслав Ким (477-орын), Владимир Ким (712), Тимур Құлыбаев (780), Динара Құлыбаева (780), Болат Өтемұратов (780) және Тимур Турлов (823). Сондай-ақ бұл рейтингке алғаш рет Нұрлан Смағұлов (2858-орын) пен Айдын Рахымбаев (3185-орын) кіріп отыр.

    Басылымның мәліметінше, Вячеслав Кимнің байлығы 7,8 миллиард долларға, ал Владимир Кимнің байлығы 5,9 миллиард долларға бағаланып отыр. Рейтингте 780-орында тұрған Тимур Құлыбаев, Динара Құлыбаева және Болат Өтемұратов 5,4 миллиард доллардан табыс тапқан.

    Тимур Турлов 5,2 миллиард доллар табысымен 823-орында тұрса, басылым Нұрлан Смағұловтың байлығын 1,3 миллиард долларға, ал Айдын Рахымбаевтың байлығын 1,1 миллиард долларға бағалаған.

    Әлемдегі бай адамдар рейтингіне кірген қазақстандықтар
    Әлемдегі бай адамдар рейтингіне кірген қазақстандықтар. Скрин: forbes.com

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram