jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тыйым салынған шоттарды бұғаттан шығару: Әділет министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

    ақылдасып отырған адамдар
    Қызметкерлер. Иллюстрациялық фото: szjphoto/Getty Images

    Әділет министрлігі Республикалық Жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп, 2026 жылғы 6-30 сәуір аралығында белгілі бір төлем түрлерін алуға арналған шоттардан тыйымдарды алып тастау науқанын іске қосқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, тыйымдар келесідей шоттардан алынып тасталады:

    • жалақы;
    • алимент;
    • зейнетақы;
    • мемлекеттік жәрдемақыларға арналған шоттар.

    "Бұл үшін, азаматтар Adilet.gov мобильдік қосымшасында тіркеліп, жеке сот орындаушысына шоттардан тыйымды алып тастау туралы өтініш беруі керек.

    Тыйымдар тек растау құжаттары ұсынылған жағдайда ғана алынып тасталады (жалақы түсетін шоты көрсетілген жұмыс орнынан анықтама, шоттың зейнетақылық екенін растайтын анықтама және т.б.)", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар Әділет министрлігі шоттардан тыйымдарды алып тастау – азаматтарды атқарушылық құжаттар бойынша талаптарды орындаудан (сомаларды өндіріп алу, айыппұлдар және т.б.) босатпайтынын хабарлайды.

    Тыйым салынған шоттарды бұғаттан шығару: Әділет министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.