Geely Galaxy Қазақстанда ұсынылған барлық модель қатарының бағасын арзандатты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Geely Galaxy бренді Қазақстанда ұсынылған барлық автомобильдер желісінің бағасын арзандатып жатыр. Жаңа арнайы ұсыныс брендтің технологиялық модельдерін қолжетімді етеді. Енді бастапқы баға 8,2 млн теңгеден басталады. Бұл туралы бренд өкілдері хабарлады.
Бағаның арзандауы басты модельдерге, оның ішінде қала ішінде жүруге арналған CityRay кроссоверіне, Preface бизнес-седанына, сондай-ақ EX5-тің электр және гибрид нұсқаларына қатысты болмақ.
Бұған дейін компания 2,5 млн теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін науқандарды ұсынған, ол кезде автомобильдердің минималды бағасы 8,9 млн теңгеден басталған еді. Жаңа шарттар жаңа энергия автомобильдері сегментіндегі Geely Galaxy брендінің орнын нығайта түседі.
Қалаға арналған және бизнес санаттағы автомобильдер
Автомобильдер желісіндегі ең қолжетімді модельдер қатарында әлі де Geely Galaxy CityRay тұр. Бұл — қала ішінде жүруге арналған С-санатындағы көлік. Автомобиль шағын габаритті, салоны кең және жүргізушіге көмек болатын заманауи жүйелермен жабдықталған.
Бағасы: 8 290 000 теңгеден басталады
Дәреже мен технологиялық жабдық үйлесімін қалайтындарға Geely Galaxy Preface бизнес-седаны ұсынылады. Бұл модель іскерлік, сондай-ақ отбасылық сапарлар үшін де таптырмас нұсқа.
Бағасы: 9 590 000 теңгеден басталады
Электрмобильдер мен гибридтер
Бренд кең байтақ және қуаттау станциялары инфрақұрылымы дамып келе жатқан Қазақстанды аралау үшін таптырмас көлік болуға қауқарлы жаңа энергия автомобильдері – электрмобильдер мен гибридтерге айрықша назар аударады.
Geely Galaxy EX5 — қала ішінде жүруге арналған толық электрлі кроссовер. Жүргенде оның дыбысы шықпайды және зиянды заттар бөлмейді.
Бағасы: 11 990 000 теңгеден басталады
Geely Galaxy EX5 EM-i моделінің гибрид нұсқасы бензинмен жүретін қозғалтқыш пен электр моторының жұмысын оңтайландыратын Thor EM-i зияткер жүйесімен жабдықталған. Қала ішінде автомобиль көп жағдайда электр тартылысын қолданып, жанармайды үнемдейді және жүрісінің шуылы аз болады. Ал тасжолда іштей жанатын қозғалтқыш іске қосылып, қосымша қуат пен жүріс қашықтығын арттырады.
2026 жылғы наурыздағы қорытындылар бойынша, дәл осы модель Қазақстанда ең көп сатылып, өз сегментінде рекордтық көрсеткіштерге ие болған.
Бағасы: 11 990 000 теңгеден басталады
Қазақстандағы өндіріс
Geely Galaxy автомобильдері Қостанайдағы Allur зауытында жасалады және ел аумағында дилерлік желілерде ұсынылған. Бұл автомобиль иелеріне сервистің, қосалқы бөлшектердің және техникалық қолдаудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Geely Galaxy барлық модель қатарының бағасы арзандауы — Қазақстандағы жаңа энергия автомобильдері сегментіндегі ең тартымды ұсыныс.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2367863-geely-galaxy-qazaqstanda-usynylgan-barlyq-model-qatarynyng-bagasyn-arzandatty/