jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Жаһандық мұра және жергілікті табыс: Қазақстандағы Chevrolet қос мерейтойын атап өтуде

    Луи Шевроле
    Луи Шевроле. Коллаж: Chevrolet

    Қазақстандық Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін Chevrolet Kazakhstan ресми түрде тарихи маңызды межеге – Қазақстан Республикасындағы ресми өкілдігінің 6 жылы ішінде 200 000 автокөлік сату көрсеткішіне жеткенін хабарлайды.

    Бұл әсерлі нәтиже тек коммерциялық табысты ғана білдірмейді, сонымен қатар Chevrolet-ті елдің көлік жүйесі мен күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналған №1 "халықтық бренд" мәртебесінде түпкілікті бекітеді. Осы ауқымды 200 мыңдық отбасының әрбір көлігінің артында – ел бойынша миллиондаған қазақстандықтардың сенімі, сенімділігі және таңдауы тұр.

    Брендтің жеке рекорды жаһандық мерейтоймен тұспа-тұс келгені де символдық мәнге ие: 2026 жылдың қарашасында бренд өзінің құрылғанына 115 жыл толуын атап өтеді. Шабандоз Луи Шевроле мен кәсіпкер Уильям Дюрант бастаған өршіл жобадан General Motors концернінің негізгі бөлімшесіне дейінгі жолдан өткен Chevrolet бренді әлемдік сенімділік эталонына айналды. Қазақстанда бұл көпжылдық тарих Қостанайдағы Allur зауытындағы жергілікті өндіріс арқылы қарқынды дамуға ие болды. Бүгінде мұнда 3 500-ден астам маман заманауи Cobalt, Onix, Tracker және өзге де модельдерді, оның ішінде ұсақ тораптық жинақтау (CKD) әдісімен шығарады.

    "Біз үшін 200 000 сатылған көлік көрсеткіші – ең алдымен қазақстандықтардың жоғары сенімінің айғағы", - дейді Chevrolet Kazakhstan дистрибуция директоры Максим Олегович Чекоданов. – Осы 6 жыл ішінде біз тек көлік сатып қана қойған жоқпыз, толыққанды мобильділік экожүйесін дамыттық. Бүгінде Chevrolet-ті озық технологиялар, сапа және шынайы қолжетімділіктің адал тепе-теңдігін бағалайтын адамдар таңдайды".

    "Бұл сенім брендті дамыту жолында күн сайын еңбек етіп жүрген қызметкерлердің жеке таңдауынан да көрініс табады. Бренд қызметкерлері Chevrolet-ті өздері де, отбасылары үшін де сеніммен таңдайды, өйткені олар әрбір техникалық бөлшекті ішінен біледі әрі 200 000 сатылған автокөлік межесіне жетуге жеке үлес қосып келеді. Соның жарқын мысалы – сату департаментінің директоры Глеб Сахновтың отбасысы.

    Cobalt 5
    Cobalt 5. Фото: Chevrolet

    Олардың отбасында әртүрлі мақсатқа арналған екі бірдей Chevrolet көлігі қолданылады: "Өзім үшін Chevrolet Malibu таңдадым – бұл қуатты әрі серпінді көлік. Ол жайлылығы мен сенімділігімен баурап алады, әсіресе қала ішінде күнделікті жүру кезінде бұл өте маңызды. Ал жұбайыма Chevrolet Onix сатып алдық. Жұбайым оның дизайны мен ықшамдылығын жоғары бағалайды – көлік өте епті, ал автотұраққа қою функциясы оны қала жағдайында барынша ыңғайлы етеді. Сен өзің сатуға жауапты болып, сонымен бірге осы брендті отбасың үшін таңдасаң – бұл нағыз сенімнің белгісі", - дейді Глеб.

    Осындай адалдықты дилерлік желіні дамыту бөлімінің жетекшісі Жұлдыз Карсембаева да көрсетеді: "2022 жылы әкеме Chevrolet Cobalt сатып алып бердім – бұл бүгінге дейін мінсіз қызмет етіп келе жатқан нағыз "еңбекқор қара нар". Сол кезде шешуші фактор – қолжетімді баға мен тиімді несие бағдарламалары болды, әрі көлік үмітті толық ақтады. Ал өзім үшін 2023 жылы Chevrolet Onix таңдадым. Мен седандарды ұнатамын және жайлылықты бағалаймын. Біз онымен 1000 шақырымнан асатын сапарларға шықтық, көлік өзін тамаша көрсетті. Динамикасы, жылдам үдеуі мен маневрлігі әр сапарды рахатқа айналдырады".

    Onix
    Onix. Фото: Chevrolet

    "Командадағы көптеген қызметлер үшін көлік сатып алу жай кәсіби қадам емес, жеке армандардың орындалуы болды. Аға аймақтық менеджер Надежда Барановская Onix өз күшімен сатып алған алғашқы жеке көлігі болғанын айтады: "Мен көптен бері өз көлігімді армандайтынмын, таңдау уақыты келгенде күмән болған жоқ – тек Chevrolet. Мен біздің брендке шексіз сенемін, өйткені көліктеріміз туралы бәрін білемін. Ақыры жеті жыл бойы жатқан жүргізуші куәлігім қажетке жарады! Onix-та маған оның серпінділігі мен маневрлігі өте ұнайды – қала үшін бұл мінсіз үйлесім. Салоны да өте қолайлы боп шықты: "қыздарға арналған ұсақ-түйектен" бастап үлкен қораптарға дейін бәрі сыйып кетеді. Шын жүректен жақсы көретін брендтің көлігін жүргізу – ерекше ләззат", - дейді Надежда.

    Бұл сенімділікке деген құштарлықты маркетинг департаментінің директоры Валерия Палещук та құптайды. Оның Chevrolet Nexia көлігі жылдар бойы пайдалану барысында Алматы облысы мен Қырғызстанның ең күрделі бағыттарын бірде-бір ақаусыз еңсеріп, нағыз "жол талғамайтын көлікке" айналған: "Бәрі құжаттар үшін баруым керек болған сәттен басталды. Сату бөлімінің басшысы жүргізушісі бар көлік орнына маған төлем шотын беріп: "Енді өз көлігіңмен жүретін уақыт келді!" деді. Сол кезден бері көлігімнен әлі күнге дейін ләззат аламын: баға мен сапа арақатынасы керемет. Қызмет көрсету жағынан "еркелігі" жоқ, мәселе туғызбайды әрі өте үнемді. Мен оны өзімнің "жол талғамайтын көлігім" деп атаймын, өйткені ол кез келген жерді кезіп өтеді – біз бірге бүкіл Алматы облысын аралап, Қырғызстанға саяхаттадық. Осындай сапарлардан кейін көлікке керегі – тек жууға апару ғана болатын. Ол өз міндетін 1000% орындайды".

    "Қызметкерлердің кәсіби таңдауын брендтің көпжылдық серіктестері – пікір көшбасшылары да қолдайды. Бұл жай серіктестік емес, жеке таңдауға айналған шынайы сенім және елдегі брендтің 200 мыңдық табыс тарихының жарқын бөлігі. Мысалы, Динара Ураза мінсіз көлік іздеу кезінде бірден сенімді брендке жүгініп, белсенді қалалық өмір үшін Chevrolet Tracker таңдаған: "Шынымды айтсам, көлікті ұзақ таңдадым, бірақ соңында дәл Tracker-ге тоқтадым. Сыртынан ықшам болғанымен, іші өте ыңғайлы әрі кең екені ұнады. Қала үшін бұл айтарлықтай таптырмас жағдай: биік, маневрлі және жайлы. Сыртқы келбеті де бірден назарымды аударды! Жанармай шығыны мен жабдықталуы жағынан да мен үшін ең ыңғайлы нұсқа болды", - дейді блогер Динара Ураза.

    Tracker
    Tracker. Фото: Chevrolet

    "Күнделікті қалалық сапарлар үшін осындай таңдауды Бекзат Елеусізов те жасады. Ол үшін Chevrolet Onix ерекше оқиғаға айналды – бұл оның алғашқы жеке көлігі: "Мен үшін Onix – алғашқы жеке автокөлігім, сондықтан қалада жүру сезімі мүлде басқаша. Динара сияқты мен де күнделікті өмірге арналған заманауи әрі ыңғайлы көлік іздедім. Бұл көлікте маған технологиялығы қатты ұнады: салоны өте әдемі көрінеді, бәрі қолжетімді әрі өте үнемді. Onix менің өмір ырғағыма мінсіз сай келді – ол маневрлі, тұраққа қою оңай және ағын ішінде ерекше көзге түседі. Алғашқы көлігіңнің сенімді ғана емес, сондай стильді болғанын сезіну өте керемет", - дейді Бекзат.

    "Брендке мүлде басқа, эксперименталды көзқарасты танымал автоблогер Дияс Валихан көрсетті. Қазақстанның ең қиын жететін аймақтарының маманы әрі экспедицияларды ұнататын ол халықтық модельдердің әлеуеті әлдеқайда кең екенін дәлелдеуді мақсат етті. Кәдімгі Chevrolet Cobalt сатып алған Дияс бренд командасымен бірге "Жолсыз жердегі Cobalt" атты бірегей жобаны жүзеге асырды: "Көпшілік Cobalt-ты тек қала көшелерінде көруге үйренген, бірақ біз оған жаңа сынақ жасап, шынайы төзімділігін көрсетуді шештік. Күрделі техникалық жаңғыртудан кейін бұл "халықтық седан" мен үшін мүлде жаңа қырынан ашылды – ол қолжетімсіз жерлерде сенімді серікке айналып, өз классы үшін мүмкін емес көрінетін міндеттерді орындай алатынын дәлелдеді", - дейді Дияс Валихан.

    Chevrolet Kazakhstan тек жолдарда ғана емес, қоғамдық өмірдің жүрегінде де белсенді. Бренд негізгі спорттық ұйымдардың стратегиялық серіктесі ретінде танылып келеді. Ол 5 жылдан астам уақыт бойы аты аңызға айналған "Барыс" хоккей клубын қолдап келеді, OCTAGON ММА лигасының серіктесі болды, SD Family медиа-командасын, балалар футболын қолдайды және Cobalt Cup кубогы арқылы ұлттық автоспортты дамытып келеді. Мұндай әлеуметтік белсенділік Chevrolet Kazakhstan-ды жай автомобиль бренді емес, қазақстандық мәдениет пен спорттың дамуына үлес қосатын маңызды қатысушыға айналдырады.

    AllurGroup
    Фото: Chevrolet

    Қос мерейтой мен 200 000 сатылған көлік рекордын атап өту аясында бренд жаңа сатып алушыларға қарай тағы бір қадам жасап, "Әр үйге Chevrolet" бағдарламасын жалғастыруда. Енді бүкіл модельдік қатар – халық сүйіктілері Cobalt пен Onix-тен бастап технологиялық Tracker, Captiva кроссоверлері мен премиум Traverse және Tahoe жол талғамайтын көліктеріне дейін – тұтынушыға бұрынғыдан да жақындай түсті. Акция аясында ең сұранысқа ие модельдердің бағасы мынадай деңгейден басталады:

    • Chevrolet Cobalt – 6 490 000 ₸ бастап.
    • Chevrolet Onix – 6 990 000 ₸ бастап.

    Chevrolet Kazakhstan және Allur компаниясы нарықтағы көшбасшылық позицияларын нығайта отырып, әрбір қазақстандықтың өмірін жайлы әрі мобильді ететін сенімді шешімдерді ұсынуды жалғастыруда.

    *Серіктес материалы

    Жаһандық мұра және жергілікті табыс: Қазақстандағы Chevrolet қос мерейтойын атап өтуде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.