jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жүкті әйелдерді жалған жұмыспен қамту: Қаржы министрлігі берілген декреттік төлемдердің заңдылығын тексеруде

    Жүкті әйел
    Ішін ұстап тұрған жүкті әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәжіліс отырысында негізсіз декреттік төлемдерден мемлекетке қандай залал келгенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Депутат Үнзила Шапақ Жоғарғы аудиторлық палата деректерін келтіре отырып, Қазақстанда декреттік төлем алу мақсатында жалған жұмыспен қамтудың 17 000 жағдайы анықталғанын мәлім етті.

    Ол Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегайдан мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі қандай екенін сұрады.

    "Қазір Қазақстанның 13 өңірінде 38-ден астам қылмыстық іс қозғалды, барлық материал құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі таңда бұл істер бойынша мыңнан астам әйел тергелуде.

    Келтірілген залалдың алдын ала жалпы сомасы – 3 млрд теңге. Өздеріңіз білетіндей, осы заңсыз схемаларды жасаған адамдарға қатысты тоғыз қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды — бұл саладағы жұмыс жалғасуда", - деп атап өтті Виктория Шегай.

    Қаржы министрі Мәди Тәкиев Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ведомство қарамағына ақпанда ғана өткенін еске салды.

    "Біз министрлікте декреттік төлемдер бойынша ішкі аудит жүргізіп жатырмыз. Аудитті осы айда аяқтаймыз, ол аяқталғаннан кейін сізге жазбаша жауап беремін", - деп сендірді ол.

    Жүкті әйелдерді жалған жұмыспен қамту: Қаржы министрлігі берілген декреттік төлемдердің заңдылығын тексеруде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.