Қазақстанда зейнеткерлер енді онлайн несие рәсімдей алмайды: Ұлттық банк төрағасы мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Қазақстанда зейнеткерлерге енді онлайн несие рәсімдей алмайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте мәлімдеді, деп жазады kazinform.kz.
Оның айтуынша, бұл талап азаматтардың ең осал санатын қаржылық алаяқтықтан қорғау мақсатында енгізілген.
"Егде жастағы азаматтар, әсіресе зейнеткерлер немесе зейнет жасына таяған адамдар несие алу үшін міндетті түрде банк бөлімшесіне жеке келуі керек. Бұл жерде жауапкершілік банк менеджеріне жүктеледі. Егер ол адамның алаяқтардың ықпалында болуы мүмкін екенін байқаса, несие не үшін қажет екенін сұрайды. Ал клиент "маған біреу хабарласып, несие алуды айтты" десе, банк мұндай жағдайда несиені бермеуге міндетті", — деді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, бұл талаптардың сақталуын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қадағалайды. Агенттік банктерге жоспарлы тексерулер жүргізіп, талаптардың орындалуын бақылайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2401148-qazaqstanda-zeinetkerler-endi-onlain-nesie-rasimdei-almaidy-ulttyq-bank-toragasy-malimdeme-zhasady/