jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда көлік бағасы қымбаттауы мүмкін

    Көлік сатып алу
    Көлік сатып алу. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

    Елімізде көлік бағасы шамамен 15 пайызға қымбаттауы мүмкін. Бұған кедендік рәсімдеу кезіндегі төлем мөлшерінің 33 пайыздан 48 пайызға дейін өсу ықтималдығы әсер етеді деген болжам бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

    Автосарапшылардың сөзінше, жаңа тәртіп енгізілсе, сырттан әкелінетін темір тұлпарлардың шығыны көбейіп, бұл нарықтағы бағаның шарықтауына әсер етуі мүмкін. Бұдан бөлек мұндай өзгеріс экологиялық көліктердің халыққа қолжетімділігін төмендетуі ықтимал. Осыған байланысты бастамашыл топ мәселені қоғам талқылауына шығаруды сұрап отыр.

    "Көлік нарығына қатысты өзгерістер қызу талқыланып жатыр. Егер кедендік төлем көлемі өссе, шетелден көлік әкелу қиындап, оның салмағы қарапайым халықтың қалтасына түседі. Яғни темір тұлпардың бағасы да шарықтауы мүмкін. Сондықтан төлемді көтермеуді ұсынып отырмыз. Сондай-ақ экологиялық таза көліктердің көбеюі қоршаған ортаның жақсаруына да оң әсер ететінін айта кеткіміз келеді", – деді автосарапшы Данияр Күзембаев.

    Қазақстанда көлік бағасы қымбаттауы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.