Қазақстандықтар былтыр маникюр, педикюр және шаштараз қызметіне 127 млрд теңге жұмсады
Жарияланған күні:

Ұлттық статистика бюросы былтыр қазақстандықтардың сұлулық салондарына қанша қаражат жұмсағаны туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бюро мәліметінше, былтыр сұлулық саласында 127,3 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.
Ең үлкен үлес шаштараз қызметтеріне тиесілі – 67,5 млрд теңге. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,3 пайыз артық.
Маникюр мен педикюрді қоса алғанда, косметикалық қызметтердің көлемі 7,5 млрд теңгені құрады.
Сұлулық салондары көрсететін өзге де қызметтердің көлемі 52,3 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде адамның өңделмеген шашына қатысты қызметтер де бар.
Сұлулық саласының дамуы қалалармен қатар ауылдық жерлерде де байқалады. 2025 жылы ауылдардағы шаштараз қызметтерінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға өсіп, 34,3 млрд теңгеге жетті.
Сонымен қатар ауылдық жерлерде сұлулық салондарының өзге де қызметтерінің көлемі 1,9 млрд теңге, ал косметологиялық қызметтердің көлемі 814,9 млн теңге болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2411783-qazaqstandyqtar-byltyr-manikiur-pedikiurge-zhane-shashtaraz-qyzmetine-127-mlrd-tengge-zhumsady/
