jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда 6-дан 10-ға дейін пәтері бар азаматтардың саны белгілі болды

    пәтер кілті
    Пәтер кілті. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    "Отбасы банк" төрайымы Ләззат Ибрагимова алтыдан онға дейін пәтері бар қазақстандықтардың санын айтты. Бұл туралы КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Телеарнаның мәліметінше, 17 мың қазақстандықтың алтыдан онға дейін пәтері бар. Олардың арасында бір отбасының мүшелері де болуы мүмкін. Мұндай деректерді "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова сенаттың бұрынғы төрағасы Мәулен Әшімбаевтың подкастында бөліскен.

    "Тұрғын үй иелерінің 78 пайызы – бір ғана баспанасы барлар, бұл – 4,2 млн адам. Екі пәтері барлар бізде – 1 млн-ға жуық азамат. Үш пәтерден – 219 мың адамда бар. Қуануға болады, бұл – орта тап. Төрттен бес пәтерге дейін – 82 мыңға жуық адамда. Ал 17 мың адам – алтыдан он пәтерге дейін иеленіп отырғандар", - деді Ибрагимова.

    Сонымен қатар оның мәліметінше, Қазақстанда 1,1 млн-ға жуық азаматтың жеке баспанасы жоқ. Мұның өзі – тек кезекте тұрғандар саны.

    Бұл ретте "Отбасы банк" алдағы бес жылда үй алуға қауқарлы клиенттер ағыны артады деп болжайды. Қаржы институты мұндай болжамды қазақстандықтардың орташа жасымен байланыстырып отыр, ол бүгінде – 29 жас. Жақын арада азаматтардың дәл осы санаты ипотека рәсімдеуге және пәтер сатып алуға дайын болады.

    Қазақстанда 6-дан 10-ға дейін пәтері бар азаматтардың саны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.