Қазақстанда несие алушылар саны көбейген
Жарияланған күні:

Елде несие алушылар саны көбейген. Әсіресе ипотека мен автонесиеге сұраныс жоғары, деп хабарлайды "Астана" арнасы.
Жеңілдетілген бағдарламалардың арқасында баспаналы болғысы келетіндерден 228 мың өтініш түскен. Ал көлік алам деушілердің өтініші бірден 20 пайызға өсіп, 1,5 миллионға жетті.
Кепілсіз тұтынушылық несиенің де көлемі өсті: халық орта есеппен 1 миллион теңгеден астам ақша сұрайды. Бизнес өкілдеріне келсек, орта кәсіп иелері белсенділік танытқанымен, ірі және шағын бизнес тарапынан сұраныс сәл бәсеңдеген.
Банктер бұл қарқын алдағы айларда да басылмайды деп болжайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2418969-qazaqstanda-nesie-alushylar-sany-kobeigen/
