jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда тегін автотұрақты қалай рәсімдеуге болады

    Автотұрақ
    Автотұрақ. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда электромобиль иелеріне ақылы автотұрақтардан тегін орындар беріледі. Осы орайда Алматы әкімдігі тегін автотұрақты қалада қалай рәсімдеуге болатынының нұсқаулығын жария етті, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

    Автотұрақтарды тегін пайдалану үшін электромобиль иелері көлігін "Алматы паркинг" жүйесінде тіркеуі қажет.

    Ол үшін арнайы өтінім беріледі. Өтінім мақұлданғаннан кейін көлік туралы мәліметтер жеңілдік алушылар тізіміне енгізіледі. Осы сәттен бастап электромобиль үшін автотұрақ ақысы алынбайды.

    Өтінімді қалай беру керектігі және жеңілдікті рәсімдеу талаптары "Алматы паркинг" ресми сайтының "Жеңілдіктер" бөлімінде көрсетілген.

    Толық ақпаратты +7 (727) 390 8000 телефоны арқылы немесе Алматы қаласы, Байсейітова көшесі, 40, 71-мекенжайы бойынша алуға болады. Өтінішті "eOtinish" жүйесі арқылы да жолдауға болады.

    Алматыда тегін автотұрақты қалай рәсімдеуге болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram