Қазақстандықтарға жылу үшін 1,2 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Табиғи монополияларды реттеу комитеті кейбір қазақстандықтар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құны қайта есептелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанда жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу жұмыстары аяқталған.
Комитеттің мәліметінше, 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектілері жылу энергиясы үшін төлемді жалпы сомасы ҚҚС-ты қоса алғанда 1 217,02 млн теңгеге қайта есептеген.
"Қайта есептеу сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып жүргізіледі. Тиісті сома тұтынушының дербес шотында аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен көрсетіледі", - деп нақтылады ведомство.
Өңірлер бөлінісінде қайта есептеу сомасы:
- Астана қаласы - 460,67 млн теңге;
- Алматы қаласы - 57,77 млн теңге;
- Шымкент қаласы - 38,50 млн теңге;
- Абай облысы - 0,27 млн теңге;
- Алматы облысы - 12,70 млн теңге;
- Ақмола облысы - 13,98 млн теңге;
- Атырау облысы - 22,09 млн теңге;
- Ақтөбе облысы - 11,03 млн теңге;
- Шығыс Қазақстан облысы - 298,56 млн теңге;
- Жамбыл облысы - 26,06 млн теңге;
- Батыс Қазақстан облысы - 1,82 млн теңге;
- Қостанай облысы - 25,69 млн теңге;
- Қызылорда облысы - 42,21 млн теңге;
- Маңғыстау облысы - 161,60 млн теңге;
- Павлодар облысы - 29,11 млн теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысы - 14,59 млн теңге;
- Түркістан облысы - 0,37 млн теңге.
"Қарағанды облысында, Ұлытау және Жетісу облыстарында жеке қайта есептеу қарастырылмаған, себебі жылумен жабдықтау қызметінің құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып есептелген.
Сонымен қатар Астана қаласында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы үшін төлем сыртқы ауаның нақты температурасына қарай маусым бойы ай сайын түзетіліп отырды", - деп түсіндірді комитет өкілдері.
Сондай-ақ ведомство 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1 554,7 млн теңге сомасына қайта есептеу жүргізілгенін мәлім етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2428970-qazaqstandyqtarga-zhylu-ushin-1-2-mlrd-tenggeden-astam-qarazhat-qaitarylady/
