jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстанға автокөліктерді әкелу ережесі өзгеруі мүмкін: кімге қатысы бар

    көлік
    Көлік. Көрнекі фото: Clara Margais/picture alliance via Getty Images

    Көлік министрлігі коммерциялық мақсатта және жеке пайдалану үшін елге әкелінетін автокөліктерге қатысты түзетулерді қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

    Көлік министрлігі "Ашық НҚА" порталында "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрық жобасын жариялады.

    Ведомство Ережелердің 19-тармағына тиісті норма қолданылатын субъектілердің шеңберін нақтылайтын өзгерістер енгізуді ұсынып отыр.

    "Оны қолдану нақты шектеледі және автокөлік құралдарын коммерциялық мақсатта әкелетін заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілері үшін қарастырылады", - делінген жоба түсіндірмесінде.

    Сонымен қатар Көлік министрлігі Ережелерді жеке пайдалану үшін автокөлік техникасын тасымалдайтын жеке тұлғалар үшін жеке реттеу тәртібін белгілейтін 19-1-тармақпен толықтыруды жоспарлап отыр.

    "Мұндай тәсіл қатысушылар санатына қарай талаптарды ажыратуды қамтамасыз етеді және Ережелердің біркелкі қолданылуына ықпал етеді", - делінген министрлік хабарламасында.

    Жоба 5 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

    Қазақстанға автокөліктерді әкелу ережесі өзгеруі мүмкін: кімге қатысы бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram