jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға зейнетақы жинағын жұмсауға қатысты кеңес берді

    Теңге
    Теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға әл-ауқатын жақсартып, қауіпсіз қарттықты қамтамасыз ету үшін не істеу керегін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов балаларға жасалған инвестицияны ең жақсы инвестиция деп атады.

    "Балалардың жан-жақты дамуынан, олардың ақылды болуынан, дайын болуынан қаражатты аямау керек. Мектепке дейінгі, мектептегі білім, спорт міндетті түрде қажет", - деді ол.

    Оның айтуынша, зейнетке шыққанда осал жағдайда қалмас үшін қазақстандықтар депозитке де ақша жинауға тиіс.

    "Сондай-ақ зейнетақы жинағын тым көп жұмсай берудің қажеті жоқ – барлық шешімге ақылмен қарау керек. Жаңа iPhone, жаңа теледидар, жаңа көлік сияқты өткінші нәрселерге еріп кетпеу маңызды. Оның бәрі – өткінші нәрсе, менің ойымша. Ең жақсы инвестиция – балалар мен жақындарыңызға, сондай-ақ өзін-өзі дамытуға бағытталған инвестиция", - деп есептейді Ұлттық банк төрағасы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram