jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ең төменгі жалақының өсуі қазақстандықтардың табысына қалай әсер етеді

    Ақша ұстаған ер адам
    Ақша ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин үкіметте өткен брифингте ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі қарапайым қазақстандықтардың табысына қалай әсер ететіні туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Журналистер ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілгеннен кейін мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы қайта есептелетінін атап өтті.

    Тілшілер ақ бұл жағдайда жеке секторда жұмыс істейтіндердің жалақысына қатысты сұрақ қойды. Өйткені бизнес иелерін әкімшілік жолмен жалдамалы жұмысшылардың жалақысын көтеруге мәжбүрлеу мүмкін емес.

    "Ең төменгі жалақы – ол міндетті. 85 мың теңге төлеп отырғандар енді 110 мың теңге төлеуге міндетті. Біз ең төменгі жалақы төлейтін компанияларды алып, еңбекақы төлеу қорының өсімін шамамен есептеп шықтық – бұл шамамен 426 млрд теңге. Бұл – бизнеске, еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктеме.

    Егер біреуді көндіру керек деп айтсаңыз, ешкім ешкімді көндірмейді, бұл заң бойынша белгіленген – келесі жылдан бастап ең төменгі жалақыны 110 мың теңге деңгейіне көтеруі керек", - деді Азамат Әмрин.

    Мысал ретінде ол ең төменгі жалақымен бірге өсетін жәрдемақыларды келтірді.

    "Әлеуметтік төлемдер бойынша бұл жағдайды тіпті жақсарта түседі. Мысалы бір жарым жасқа дейінгі баланы күту бойынша әлеуметтік төлемдердің шегі қазір шамамен 7 ең төменгі жалақы екенін білесіздер.

    Тиісінше қазір ана баласы үшін ай сайын шамамен 280 мың теңге (орта есеппен – ред. ескертпесі) алуы мүмкін. Ең төменгі жалақы өскен кезде бұл шамамен 308-310 мың теңге болады. Яғни, бұл, керісінше, әлеуметтік қызметтерді пайдаланатын сол адамдарға, жалдамалы жұмысшыларға тікелей оң әсерін тигізеді. Жалпы алғанда бұл халықтың табысын арттыру мәселелеріне оң әсерін тигізуге тиіс", - деп есептейді вице-министр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram