Ұзын-сонар кезек: Қазақстанда әйелдерге арналған ипотекаға өтініш қабылдау аяқталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Отбасы банк" әйелдерге арналған "Ұмай" бағдарламасы бойынша екінші транш толық игерілгенін хабарлады. Бұл туралы банк баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Банк мәліметінше, "Ұмай" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау бүгін басталды, қазақстандық әйелдерді несиелендіруге арналған қаражатты Азия даму банкі бөлді. Бұл әйелдер ипотекасына бөлінген екінші транш. Оның сомасы 20 миллиард теңге.
Банк өкілдерінің дерегінше, өтініш қабылдана бастаған алғашқы минуттардан бастап ипотекаға деген қызығушылық жоғары болған.
"Сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша 12,5 миллиард теңгеге 524 өтініш қабылданды. Сағат 16:00-де екінші транш лимитіне жетіп, соған байланысты өтініш қабылдау аяқталды.
Бұл уақытқа қарай қазақстандық әйелдерден 20 миллиард теңгеге 850 өтініш қабылданды. Оның ішінде 352 өтініш банк кеңесшілері арқылы берілді. Барлық қабылданған өтініш бойынша бағдарлама қатысушылары несиеге алдын ала мақұлдау алды", - деді банктегілер.
Баспасөз қызметі атап өткендей, осы уақытқа дейін қазақстандық әйелдерден жалпы сомасы 20 млрд теңгені құрайтын 850 өтінім қабылданды. Оның ішінде 352 өтінім банк кеңесшілері арқылы берілді.
Қабылданған барлық өтінім бойынша бағдарламаға қатысушылар заем алуға алдын ала мақұлдау алды. Алдын ала мақұлдаудың жарамдылық мерзімі – бір ай. Осы уақыт ішінде қатысушылар тұрғын үйді таңдап, оны сатып алу үшін кредиттік өтінім беріп үлгеруі қажет.
Көптеген әйелдер сол күні-ақ кредиттік өтінімдерін жолдады. Мұндай өтінімдерді жалпы сомасы 9,5 млрд теңгеге 390 адам берді. Енді олардың тұрғын үй заемын рәсімдеуіне үш ай уақыт беріледі.
Бағдарламаға деген жоғары сұраныс оның тиімді шарттарымен байланысты. Атап айтқанда, бағдарламаға конкурссыз қатысуға болады, бастапқы жарна мөлшері төмендетілген, бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар қатысушыларға өз меншігінде тұрғын үйдің болмауы туралы талап қойылмайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2451621-uzyn-sonar-kezek-qazaqstanda-aielderge-arnalgan-ipotekaga-otinish-qabyldau-aiaqtaldy/