jitsu gif
Қаржы

    Алдағы уақытта доллар бағамы қандай болмақ?

    : UGC

    Экономистер ақша айырбастау орындарында 348-349 теңгеден сатылып жатқан Америка ақшасы құнының шарықтау шегі осы болуы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды КТК арнасы.

    Доллар. Көрнекі фото: Kapital.kz
    Доллар. Көрнекі фото: Kapital.kz: UGC

    Ұлттық валютамыз талықси құлап, қайта тегеурінді болады деуге толық негіз бар сияқты. Алайда, жаздың екі айындағы көрсеткіш көңіл көншітпейді.

    Бір айдың ішінде ұлттық валюта 1,6 пайызға құнсызданды. Яғни, төл ақшамыз бірден алты-жеті теңгеге әлсіреп отыр. Ал жыл басынан бері сан құбылған ұлттық валюта 4,2 пайызға құлдырады.

    Әзірге Ұлттық банктегілер төл теңгеміздіі нығайту үшін интервенция жасауға құлықсыз. Өткен жұманың аяғында теңге бағамы 346 теңге 2 тиынға тұрақтаған еді.

    Қазіргі уақытта ақша айырбастау орталықтарында бір доллар орташа 348-349 теңге аралығында сатылып жатыр.

    Ең қызығы, мұнайдың бағасы қазір тұрақты. Қара алтынның бір баррелі 74 доллар 80 цент.

    Сарапшылардың айтуынша, долларлық қарызы бар компаниялар өзге елдегі берешектерін төлеуге жаппай кіріскен. Міне, сондықтан жарты жылдықтың соңында доллар нығаяды.

    Мамандардың болжамы бойынша күзде АҚШ ақшасының бағамы қайта төмендеп, теңге «өгіз аяңдап» нығаяды.

    "25 тамызға дейін компаниялар өзінің салықтық төлемдерін өтеу керек. Соған байланысты долларға сұраныс болады. Екіншіден, бірінші жарты жылдық біткеннен кейін сыртқы қарыздар бар. Ұлттық компаниялар мен екінші деңгейлі банктердің. Соны өтеу үшін олар долларды сатып алу керек болады. Долларға сұраныс едәуір арта түседі", - дейді сарапшы Әлібек Аллияров.

    Экономистер әлемдегі геосаяси ахуалдың тұрақталуы да төл ақшаның күшеюіне сеп болады дейді. Сондықтан халыққа жиған-терген қаражаттарын аса қажеттілік болмаса, долларға айырбастауға асықпау керек деп отыр.

    Сарапшылардың пікірі Ұлттық Банк позициясымен сәйкес кеп тұр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.