jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Депутаттар Ұлттық банктен ескі банкноттарды айырбастау мерзімін ұзартуды сұрап отыр

    Ақша
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Депутаттар Ұлттық банктен ескі банкноттарды айырбастау мерзімін ұзартуды сұрап отыр. Айтуларынша, 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды облыс орталығынан алыста тұратын ағайын әлі ауыстырып үлгермепті деп хабарлайды КТК арнасы.

    "Өтініш білдірген азаматтардың айтуынша, карантинге байланысты көптеген тұрғындардың банкнотты уақтылы айырбастауға мүмкіндігі болмаған. Облыс орталықтары мен алыстағы ауылдардың ара қашықтығын ескерсек, жол құны айырбастайтын сомадан да асып кетуі мүмкін. Көрсетілген номиналдағы банкноттарды ауыстыру мерзімін ұзартуды қарастырып, барлық банкнотаны айырбастау уақытын шектемеуді сұраймыз", - дейді мәжіліс депутаты Айгүл Жұмабаева.

    Биыл 1 ақпанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10 мың теңгелік банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталды.

    Ал 3-наурызда 1000 теңгелік банкнот айналымнан шығады. Ұлттық банктің ақпаратынша, банкноттарды ауыстыру мерзімінің аяқталуына байланысты 2006 жылғы үлгідегі қағаз ақшалар Қазақстанда қабылданбайды, айырбастауға жатпайды және заңды төлем құралы ретінде саналмайды.

    Теңге
    Фото: Ұлттық банк

    Дереккөз КТК арнасы

    Айта кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар 2017 жылдың 1 наурызынан бастап заңды төлем құралы қатарынан алынып тасталған еді.

    Алайда Ұлттық банк қазақстандықтарға бұл банкноталарды айырбастауға мүмкіндік берді.

    Айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталып, 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасып отыр. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық Банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады.

    Еске сала кетейік, банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық банктің филиалдарында жүзеге асырылады.

    Депутаттар Ұлттық банктен ескі банкноттарды айырбастау мерзімін ұзартуды сұрап отыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.