jitsu gif
Қаржы

    Қазақстаннан 92,8 мың еуро мен 9,5 мың долларды заңсыз шығармақ болған (фото)

    Қазақстаннан заңсыз ақша шығармақ болған адам ұсталды
    Фото: t.me/knbgov_kz

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мен кеден қызметкерлері Қазақстаннан Түркияға шетел валютасын заңсыз шығарудың жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК Telegram арнасында хабарлады.

    "9 мамырда "Астана" өткізу пунктінде Шекара қызметі және "Астана-Әуежай" кедендік бекетінің бірлескен іс-қимылдарының арқасында ірі көлемдегі декларацияланбаған валютаны өткізу әрекетінің жолы кесілді", - делінген хабарламада.

    Ведомствоның мәліметінше, "Астана-Анталия" бағытындағы халықаралық рейсін рәсімдеу кезінде жолаушылардың бірінен ірі сомада ақша табылған:

    • 92 855 еуро (қазіргі бағам бойынша 45 млн 555 мың теңге)
    • 28 750 рубль (166,7 мың теңге)
    • 9 510 АҚШ доллары (4 млн 265 мың теңге).

    "Ұсталған адам тексеріс жүргізу үшін кедендік бекет қызметкерлеріне берілді", - делінген ҰҚК хабарламасында.

    Қазақстаннан 92,8 мың еуро мен 9,5 мың долларды заңсыз шығармақ болған (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.