jitsu gif
Қаржы

    Қазақстан биржасында доллар тағы да құлдырады

    Доллар және басқа да валюталар
    Доллар және басқа да валюталар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін, 22 қарашада Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауданың қорытындысы бойынша, доллар бағамы шамамен 2 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ KASE-ке сілтеме жасап.

    Демек, қазір Қазақстанда бір доллардың құны 456,83 теңгеге тең. Кешеден бері америкалық валюта 2,17 теңгеге арзандаған.

    Бұл ретте NUR.KZ сайтындағы айырбастау бағамы парақшасынан алынған мәліметке сүйенсек, қазақстандық екінші деңгейлі банктер енді долларды мына бағамен саудалап жатыр:

    • Алматыда: сатып алу – 455,1-459,1 теңге, сату – 460,5-463 теңге;
    • Астанада: сатып алу – 455,1-457,5 теңге, сату – 460,5-463 теңге.

    Қазақстандық айырбастау орындарында Kurs.kz мәліметі бойынша, долларды мына бағамен сатып алуға және сатуға болады:

    • Алматыда: сатып алу – 459,1-459,5 теңге, сату – 461,4-461,7 теңге;
    • Астанада: сатып алу – 455-458,5 теңге, сату – 462-463 теңге.

    Еске салайық, кеше күндіз АҚШ доллары 3,51 теңгеге арзандады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.