jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда доллар тағы да қымбаттады

    Доллар
    Доллар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Қазақстан қор биржасындағы 4 шілде күндізгі сауда-саттықтан кейін доллар қайтадан қымбаттады. Бұл туралы KASE ресми сайтындағы мәліметтерге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Доллардың орташа бағамы 2,69 теңгеге қымбаттап, 475,39 теңгені құрады.

    Айта кетейік, өсім дүйсенбі, 1 шілдеде байқалған. Америкалық валюта 3,34 теңгеге қымбаттады. Өткен жұмада да доллардың күрт өсуі байқалды – АҚШ ақшасы бірден 6,2 теңгеге қымбаттады.

    Соған қарамастан 2 шілдеде доллар бағамы бірден 3 теңгеге арзандады.

    NUR.KZ сайтының айырбас бағамы парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, қазақстандық екінші деңгейлі банктер долларды келесідей бағамен саудалап жатыр:

    • Алматыда: сатып алу – 472,4-474,5 теңге, сату – 476,3-477,4 теңге;
    • Астанада: сатып алу – 472,4-473 теңге, сату – 477-477,4 теңге.

    Kurs.kz мәліметі бойынша қазақстандық айырбастау орындарында долларды келесі бағамен сатып алуға және сатуға болады:

    • Алматыда: сатып алу – 474,4-475 теңге, сату – 476-477 теңге;
    • Астанада: сатып алу – 471 теңге, сату – 476 теңге.

    Қазақстанда доллар тағы да қымбаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.