jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстан биржасында доллар шамамен 4 теңгеге арзандады

    Доллар
    АҚШ доллары. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Бүгін, 11 шілдеде Қазақстанда доллар күрт төмендеді. Сауда нарығынд доллар шамамен 4 теңгеге арзандады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан қор биржасының ресми сайтына сілтеме жасап.

    KASE-тің күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,94 теңгеге төмендеп, 474,26 теңге болған.

    Айта кетейік, кеше доллар бағамы шамамен 2,5 теңгеге арзандады.

    NUR.KZ сайтының айырбас бағамы мәліметінше, қазақстандық екінші деңгейлі банктер долларды мына бағамен саудалап жатыр:.

    Алматыда: сатып алу – 471-473 теңге, сату – 474,7-476 теңге;

    Астанада: сатып алу – 471 теңге, сату – 475-476 теңге.

    Kurs.kz мәліметі бойынша, қазақстандық айырбастау пункттерінде, долларды мынадй бағамен сатып алуға және сатуға болады:

    Алматыда: сатып алу – 472,5-473 теңге, сату – 474,4 теңге;

    Астанада: сатып алу – 473 теңге, сату – 478 теңге.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.