jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда апта басында доллар күрт арзандады

    Ақша
    Ақша. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша бүгін, 21 қазанда доллар бағамы 3 теңгеге жуық төмендеді. Бұл жөнінде KASE-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Доллардың орташа сараланған бағамы соңғы сессиядан бері 2,93 теңгеге төмендеп, 481,68 теңге болды.

    KAZ.NUR.KZ сайтындағы айырбастау бағамы парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде доллар мына бағамдар бойынша саудаланып жатыр:

    • Астанада: сатып алу – 478,5-478,8 теңге, сату – 483,5-484,3 теңге;
    • Алматыда: сатып алу – 478,5-482,5 теңге, сату – 483,5-485,1 теңге.

    Kurs.kz сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Қазақстанның ақша айырбастау орындарында қазір долларды мына бағада сатып алуға және сатуға болады:

    • Алматыда: сатып алу – 482-484 теңге, сату – 484,4-488 теңге;
    • Астанада: сатып алу – 481 теңге, сату – 486 теңге.

    Айта кетейік, өткен аптадағы соңғы сауда барысында да америкалық валюта құнының төмендегені байқалған.

    Қазақстанда апта басында доллар күрт арзандады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.