jitsu gif
Қаржы

    Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 506 теңгеге дейін көтерілді

    Ақша айырбастау орындары
    Ақша айырбастау орындары. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    27 қарашада таңертең Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 506 теңгеге дейін өсті. Ал доллардың ресми бағамы 498,5 теңгеге жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Kurs.kz порталының жазуынша, 27 қараша күнгі таңғы мәлімет бойынша, Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде қазір долларды мына бағамен сатып алуға және сатуға болады:

    • Алматыда: сатып алу – 498-504,6 теңге, сату – 504-506 теңге;
    • Астанада: сатып алу – 499-500 теңге, сату – 504-506 теңге.

    Ал Ұлттық банк сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 27 қарашадағы жағдай бойынша доллардың ресми бағамы 1 долларға 498,55 теңге.

    NUR.KZ сайтының айырбас бағамы бөліміндегі мәлімет бойынша, Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде долларды сатып алу-сату мына бағам бойынша жүргізіліп жатыр:

    • Астанада: сатып алу – 496 теңге, сату – 501,9 – 502 теңге;
    • Алматыда: сатып алу – 496-503 теңге, сату – 501,9-505,9 теңге.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.