jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қаржылық жай-күй тұрақты": министр дефолт бола ма деген сұраққа жауап берді

    Доллар бағамы
    Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров министрлер кабинетінде өткен брифингте қазақстандықтар доллар бағамының күрт нығаюы аясында теңгенің құнсызданып, дефолт бола ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Үкімет тарапынан да, квазимемлекеттік сектордан да, банк секторынан да дефолт күтілмейді, Ең алдымен, ешқандай дефолт күтілмейді. Жалпы, қаржылық жай-күй тұрақты, мемлекеттің қоры бар. Сондықтан бұл орайда дефолт жайлы айтудың жөні жоқ", - деді министр.

    Бұл ретте ол азық-түлік емес тауарларға импорттық тәуелділіктің бар екенін мойындады. Ең алдымен, бұл құрылыс материалдары, жабдықтардың, техниканың және тағы басқа түрлеріне импорттық тәуелділік бар екенін айтты.

    "Мұндай құбылмалық барлық уақытта болды және валюталық құбылмалық бола да береді. Мәселе, валюталық бағамның мұндай құбылмалығының теріс ықпалын төмендету үшін оған қалай әрекет етуде, қандай алдын алу шараларын қабылдауда. Жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың арқасында мұндай тәуекелдердің іс жүзінде жоқ екендігін айта аламын. Өйткені, мұндай тәуекел түрлеріне белгілі бір құралдар бар және олар жұмыс істеп тұр. Яғни, компаниялар банктер жобалар жүзеге асырылып жатқан кезде өздерін қалай сақтандыру керектігін біледі", - деді Байбазаров.

    "Қаржылық жай-күй тұрақты": министр дефолт бола ма деген сұраққа жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.