Қазақстанда доллар 7 теңгеге арзандады
Опубликовано:
Қазақстан қор биржасының мәліметінше, Қазақстанда доллар бірден 7 теңгеге арзандады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ KASE сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қаржы биржасының мәліметінше, доллар бағамы 515,89 теңге болып, бірден 7,47 теңгеге арзандады.
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде доллар саудасы мынадай бағаммен жүріп жатыр:
- Астанада сатып алу – 511,5-512 теңге, сату – 518-518,5 теңге;
- Алматыда сатып алу – 511,5-519,5 теңге, сату – 518 -525,5 теңге.
Kurs.kz порталының мәліметінше, елдегі айырбас пунктерінде долларды мынадай бағамен сатып алуға немесе сатуға болады:
- Алматы: сатып алу – 510-522,2 теңге, сату – 520-526,5 теңге;
- Астана: сатып алу – 514-522 теңге, сату – 518-525 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, биыл желтоқсанның басында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 536 теңгеге дейін жеткен.
Алайда айдың екінші жартысында доллар біршама арзандағаны байқалған.
- 2024 жылғы 24 желтоқсан: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
- 2024 жылғы 23 желтоқсан: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/stock/2204265-qazaqstanda-dollar-7-tenggege-arzandady/