Қаржы

Зектілері

Қазақстанда доллар тағы қымбаттады

Жарияланған күні:

Читать на русском
АҚШ долларын ұстаған кассир
АҚШ доллары. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан қор биржасындағы бүгін, 7 сәуірдегі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 518 теңгеден асты. Бұл туралы KASE-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 518,31 теңге болды. Жұмамен салыстырғанда доллар 12,8 теңгеге қымбаттап отыр.

7 сәуірде KASE-тегі сауда қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 504,34 теңге болған еді.

Kurs.kz порталындағы сағат 15:30-дағы мәліметтерге сүйенсек, ел мегаполистеріндегі ақша айырбастау пункттерінде долларды мынадай бағамен сатып алуға және сатуға болады:

  • Алматы: сатып алу – 517 теңгеден 521 теңгеге дейін, сату – 521 теңгеден 525 теңгеге дейін;
  • Шымкент: сатып алу – 518,5 теңгеден 521 теңгеге дейін, сату – 523 теңгеден 525 теңгеге дейін.
  • Астана бойынша көрсетілген уақытта порталда нақты деректер болмады.

Айта кетейік, бүгін KASE-тегі таңғы сауда қорытындысы бойынша 1 доллардың орташа сараланған бағамы 516,95 теңге болды.

Сарапшылардың пікірінше, доллар бағамы мұнайдың арзандауына байланысты өсуі мүмкін. Бүгін мұнай бағасы барреліне 63,2 долларға дейін төмендеді. Сарапшылардың айтуынша, ұзақ уақыт осындай баға сақталса, доллар 542 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/stock/2233788-qazaqstanda-dollar-tagy-qymbattady/