Қазақстанда доллар бағамы 520 теңгеден асты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 520 теңгеден асты. Бұл соңғы екі айдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 9 сәуірдегі сауда қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 520,48 теңге болды. Бір тәулікте доллар бағамы екі теңгеге өскен.
Kurs.kz порталындағы сағат 15:30-дағы мәліметтерге сүйенсек, ел мегаполистеріндегі ақша айырбастау пункттерінде долларды мынадай бағамен сатып алуға және сатуға болады:
- Астана: сатып алу – 516 теңгеден 520 теңгеге дейін, сату – 521 теңгеден 525 теңгеге дейін;
- Алматы: сатып алу – 514,5 теңгеден 519,5 теңгеге дейін, сату – 520 теңгеден 522 теңгеге дейін;
- Шымкент: сатып алу – 517,5 теңгеден 519,5 теңгеге дейін, сату – 520,5 теңгеден 522,5 теңгеге дейін.
Естеріңізге сала кетейік, демалыс күндерінен кейін Қазақстанда доллар бағамы күрт өсе бастады. 7 сәуірде елімізде АҚШ долларының орташа бағамы 518 теңгеден асты.
Сарапшылардың пікірінше, доллар бағамы мұнайдың арзандауына байланысты өсуі мүмкін. Дүйсенбіде Brent маркалы мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет барреліне 63,2 долларға дейін түсті.
Сарапшылардың айтуынша, ұзақ уақыт осындай баға сақталса, доллар 542 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.
8 сәуірде Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/stock/2234394-qazaqstanda-dollar-bagamy-520-tenggeden-asty/