Тарихтағы ең жоғары көрсеткіш: Қазақстанда еуро тағы қымбаттады
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстанда еуроның ресми бағамы 607 теңгеден асты. Бұл – тарихтағы ең жоғары көрсеткіш. Айырбастау пункттерінде еуропалық валюта одан да қымбат сатылып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Кеше KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамында аса өзгеріс болмады, алайда еуроның тағы қымбаттағыны байқалды.
Ұлттық банктің 27 маусымға ұсынған ресми бағамы бойынша қазір 1 еуро – 607,18 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, еуро бағамындағы өзгерістер осыдан екі ай бұрын байқалған еді. 22 сәуірде алғаш рет еуроның теңгеге шаққандағы бағамы 600 теңгеден асты.
Қазір кейбір ақша айырбастау орындарында еуро 611-615 теңге аралығында сатылып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/stock/2260124-qazaqstanda-euro-tagy-qymbattady/