jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ұлттық қордағы қаржы нарықтағы сұранысқа ие жобаларға бөлінуі мүмкін

    Ақша мен калькулятор
    Ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Енді Ұлттық қордағы қаржы қосымша инвестиция ретінде нарықтағы сұранысқа ие жобаларға бөлінуі мүмкін. Яғни елдің қаржы қалқаны тұрақты даму құралы болмақ, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Бұл — мемлекет басшысы өз жолдауында басымдық берген бағыттардың бірі. Экономист Бауыржан Ысқақ бастама қордағы қаржының көбеюіне ықпал ететініне сенімді. Ол Ұлттық қорды құтқару жастығы емес, келер ұрпаққа қалатын аманат екенін ескеріп, ондағы капиталды тек табыс әкелетін салаларға бағыттау керегін айтады.

    "Ол көмірсутекті азайтуға, жасыл экономиканың келуіне бағытталуы керек. Оның тиімділігіне әсер ететін фактор, ол жариялы түрде болуы керек. Ашықтығын қамтамасыз ету керек. Болашақта Ұлттық қорды көбейтетін көздерді қалыптастыруымыз керек. Қазірдің өзінде оның көлемі 64 млн доллардың шамасында. Президенттің тапсырмасы бар, 2029 жылға дейін 100 млн-ға жеткізу керек. Осы бағытта біз алғаннан қарағанда, оның активтерін көбейту бағытында жұмыстар атқаруымыз керек", - дейді экономист Бауыржан Ысқақ.

    Ұлттық қордағы қаржы нарықтағы сұранысқа ие жобаларға бөлінуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.