jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстанда "Цифрлық активтерге негізделген ETF құмсалғышы" іске қосылып жатыр

    Қазақстан қор биржасы
    Қазақстан қор биржасы. Көрнекі фото: KASE

    Қазақстан қор биржасында (KASE) "Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті реттеудің ерекше режімін енгізу туралы" Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) 2025 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысы аясында жүзеге асырылатын "Цифрлық активтерге негізделген ETF құмсалғышы" пилоттық жобасы іске қосылды.

    Бұл бастама реттелетін ортада жаңа қаржы құралдарын сынақтан өткізуге бағытталған және цифрлық активтерді ресми қаржы кеңістігіне интеграциялау жолындағы мемлекеттің ең елеулі қадамдарының бірі болып табылады. ҚНРДА Басқармасы қабылдаған қаулы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне цифрлық активтерге негізделген биржалық инвестициялық қорларды (ETF) енгізуге мүмкіндік беретін реттеудің ерекше режімін енгізеді. Мұндай тәсіл нарықтың тұрақтылығына қатер төндірмей, жаңа құралдарды сынақтан өткізуге жағдай жасайды.

    Құмсалғыштың қолданылу мерзімі – бес жыл. Бұл режімнің негізгі мақсаты – нарыққа кәсіби қатысушылар үшін қаржылық сервистерді дамыту және инновациялық құралдарға деген сенім деңгейін арттыру. Споттық цифрлық ETF-термен сауда жасауға рұқсат тек кәсіби қатысушыларға – институционалдық инвесторларға, білікті жеке инвесторларға және бағалы қағаздар нарығында қызмет ететін ұйымдарға беріледі.

    Бұл тәсіл тәуекелді бақылаумен қатар нарыққа қатысушылардың іс жүзінде жаңа өнімдерге деген қызығушылығын зерделеуге мүмкіндік береді. Инфрақұрылымдық ұйымдар үшін де бұл – технологиялылық пен ашықтыққа бағдарланған заманауи жұмыс моделін қалыптастырудың бірден-бір мүмкіндігі. Бұл ретте негізгі басымдық бөлшек инвесторларды қорғау болып қала береді.

    KASE-нің рөлі және ETF-ке қойылатын талаптар

    Жоба KASE Global инфрақұрылымы арқылы нарыққа инновациялық өнімдерді шығаруды көздейді. Бұл ретте ETF бірқатар талапқа сай болуға тиіс: мойындалған биржада листингі, жеткілікті өтімділігі және қажетті технологиялық инфрақұрылымы болуы қажет. Бұл пилоттық жобаның іске қосылуын KASE Биржаны жүйелі дамыту стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырады. Алаң капитал нарықтарындағы жаһандық өзгерістерге бейімделе және жаңа қаржы өнімдерін реттелетін ортада кезең-кезеңімен сынақтан өткізе ырып, құралдар желісін кеңейтеді.

    Ұзақмерзімді перспективада бұл Биржаның халықаралық тәжірибелерді ұстанатын әрі өңірлік капитал нарығын дамыту бағыттарын өз бетінше қалыптастыратын алаң ретіндегі позициясын нығайтады.

    Қазақстанда "Цифрлық активтерге негізделген ETF құмсалғышы" іске қосылып жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.