jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда доллар қымбаттап, оған деген сұраныс екі есе артты

    Доллар мен теңге
    Доллар мен теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Маусымда доллардың орташа айлық бағамы 3,9 пайызға өсіп, 469,52 теңгеден 487,85 теңгеге дейін жетті. Осыған байланысты Қазақстанда шетел валютасына деген сұраныс шамамен екі есе артты. Толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда доллар бағамының құны теңгеге қатысты біртіндеп төмендеді. Мәселен, Қазақстан Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, қаңтарда орташа бағам 507,64 теңге болса, сәуірде 469,15 теңгеге дейін түсті, ал мамырда шамамен сол деңгейде тұрақтап, 469,52 теңге болды.

    Доллар бағамымен бірге оған деген сұраныстың да төмендегені байқалады. Қаңтар айында доллардың нетто-сатылымы (айырбастау пункттерінің сатуы мен сатып алуы арасындағы айырмашылық) 150,3 млрд теңгеге жетті, бірақ кейінгі айларда бұл көрсеткіш азайып, мамырда ең төменгі деңгейге – 65,3 млрд теңгеге дейін түсті.

    Маусымда жағдай өзгерді. Доллардың орташа бағамы 469,52 теңгеден 487,85 теңгеге дейін өсті, сонымен бірге халық арасында валютаға деген сұраныс шамамен екі есе артты. Қазақстан Ұлттық банкінің деректері бойынша, бұл көрсеткіш 126,5 млрд теңгеге жетті.

    Доллар бағымының және валютаның нетто-сату динамикасы
    Доллар бағымының және валютаның нетто-сату динамикасы. Инфографика: Қазақстан Ұлттық Банкі / NUR.KZ

    Доллармен қатар Қазақстанда еуроға деген сұраныс та 2,2 есе артып, 25,7 млрд теңгені құрады.

    Ал рубльге сұраныс, керісінше, төмендеген – минус 17,5 млрд теңге. Бұл халықтың рубльді айырбастау пункттерінен сатып алғаннан гөрі, сатуды ұйғарғанын аңдатады.

    Басқа шетел валюталарына келер болсақ, жағдай мынадай:

    • фунт стерлинг – бір айда 308,3 млн теңге "таза" сатылым;
    • юань – 76,9 млн теңге.

    Еске сала кетейік, ақпан және наурыз айларында Қазақстанда рубльге деген сұраныс өскен болатын. Алдымен ресейлік валютаның нетто-сатылымы (айырбастау пункттерінің сатуы мен сатып алуы арасындағы айырмашылық) 1,1 млрд теңгеге жетсе, кейін 7,4 млрд теңгеге дейін өсті.

    Қазақстанда доллар қымбаттап, оған деген сұраныс екі есе артты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.