Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы парамен ұсталды (видео)

Опубликовано:

Бірнеше рет пара алғаны үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сатқаш Хасенов ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Белгілі болғандай комитет төрағасы Хасенов бұрын министрлікте жұмыс істеген өзінің сенімді адамы Е. Решетькомен алдын ала сөз байласып, Қазақстан аумағына ет өнімдерін кіргізуге рұқсат беретін қылмыстық жүйені ұйымдастырған.

Сатқаш Хасенов "белгіленген баға" бойынша жүйелі түрде пара алып отырған.

Осылайша, Қазақстан аумағына 1 000 тонна құс етін кедергісіз өткізуге рұқсат бергені үшін «Хладоленд» ЖШС басшыларынан 5 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен С. Хасенов пен Е. Решетько ұсталған.

Олар кінәларын толықтай мойындап, С. Хасенов Астана қаласының ІІД-нің уақытша қамау изоляторына жабылды.

Қазіргі уақытта соталды тергеу шаралары жүргізілуде.

Тағы оқыңыздар:

Бибігүл Жексенбай Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Синоптиктер қазақстандықтарды демалыс күндері қандай ауа райы күтіп тұрғанын болжады

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Исламға шапан жауып, басына бөрік кигізді (фото)

Допингпен ұсталған қазақ спортшысы директордың орынбасары атанды

Шымкентте жағдайы төмен тұрғындар тегін күрішке таласып, жаға жыртысты (видео)

Тәжікстанда "ұлт көсеміне" тіл тигізгендер бес жыл түрмеге қамалатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1306655-auyl-sharuashylyghy-ministrligininh-kom/

pixel