Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жағдайы төмен тұрғындар тегін күрішке таласып, жаға жыртысты (видео)

Опубликовано:

Шымкентте тұрғындар тегін берілген азық түлікке таласып, жаға жыртыса жаздады, деп хабарлайды жергілікті ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы.

Қайырымдылық акциясына Достық шағын ауданынан 80 адам  тізім бойынша шақырылған. Бірақ әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың саны одан да көп болып шықты.

Азық-түліктің тегін таратылатынын естіген тұрғындар акция өтетін орынға жиналып, наразылықтарын білдірді. Олар ұйымдастырушылардан неліктен тізімге енбей қалғандарын түсіндіріп беруді талап етті.

Қаратау ауданында 10 мыңға жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасы тұрады. Оларға қандай да бір көмек көрсету үшін жергілікті билік кәсіпкерлердің көмегіне жүгінеді. Қаратау ауданының әкімі азық-түліктің тізіммен берілуін осымен байланыстырды.

«Мұның бәрі ауданның кәсіпкерлерінің көмегімен болып жатқан іс-шаралар. Алдағы уақытта бұл өз жалғасын табады деген сенімдемін»,  - дейді әкім Ғабит Мәуленқұлов.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда ішімдікке тойып алған қария 5 жастағы қыз баланы бірнеше минут аймалаған

Ақтөбеде алты баланың анасы халық салып берген үйді көріп жылап жіберді (фото)

Қазақстан гүлденген елдер тізімінде 80 мемлекеттің қатарына да кіре алмады

Ақтөбелік террористерді құзырлы орган қызметкерлерін өлтіруге шақырған

Арқан тартыс ойынында бар күшін салған бала желі қолданушыларын жылатты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1306383-shymkentte-zhaghdayy-tomen-turghyndar-te/

pixel