Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ел билігінде отырған ағайынды шенеуніктер кімдер? (фото)

Опубликовано:

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері саясаткерлердің екі ұрпағы ауысып үлгерді. 90-жылдардың бас кезінде жоғары эшелонға көтеріліп алған шенеуніктердің біразы әлі де билікте. Уақыт тоқтамай зырлап өтіп жатыр, олардың да жасы ұлғайып барады. Алайда сол үшін көңіліне қаяу түскен шенеунік аз, өйткені артынан өз ізін басқан балалары мен туыстарынан құралған жас ұрпақ басып келеді.

Сонымен, бүгінде мемлекеттік билікте кімдер отыр? Қай шенеунік кімнің туысы? Әрине, олардың барлығын қамту мүмкін емес, дегенмен, NUR.KZ порталы оқырманды қызықтыруы мүмкін деген тұлғаларды тізіп шықты.

Атамқұловтар

Былтыр қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалған Бейбіт Атамқұловтың жоғарғы эшелонда бауыры жүр. 1974 жылы Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында  туған Мәди Атамқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы қызметінде отыр.

Мырзахметовтер 

Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің туған інісі Абылай Мырзахметов те біраз жылдар мемлекеттік билікте түрлі лауазымда болды. Қазақстан темір жолы басшылығында болған уақытта орын алған қаржылық былықтарды тергеуге байланысты Абылай Мырзахметов 2002 жылы елбасы жарлығымен көлік және коммуникация министрі қызметінен шеттетілген. Бас прокуратура оны 3,3 миллиард теңгені жымқыруға тікелей қатысы бар деп айыптады. Жоғарғы сот шенеунікті шартты түрде бес жыл бас бостандығынан айыру түралы үкім шығарған еді.  Бүгінде ол «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы қызметін атқарып отыр.

Әбіқаевтар 

Сенатор Нұртай Әбіқаевтің ортаншы ұлы Сергей Нұртаев Қазақстанның Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінде. Осыған дейін ол Қазақстанның Грекиядағы елшісі қызметін атқарып келген.

Әбдікәрімовтер

Ал сенатор Оралбай Әбдікәрімовтің ұлы Сержан Әбдікәрімов - Қазақстанның Чех және Словак республикаларындағы елшісі.

Кулагиндер

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің де билікте ізбасары өсіп келе жатыр. Осыған дейін Астананың Есіл, Алматы, Сарыарқа аудандарына әкім болып келген жас шенеунік бүгінде президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметіне ауысты.

Сапарбаевтар 

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бауыры  Нұрлыбек Нәлібаев 2013 жылдан бері Қызылорда қаласының әкімі қызметінде.

Бұл тізімді одан әрі жалғастыра беруге болады. Қалай десек те, елдегі жетекшілік қызмет Астанада отырған басшылардың тума-туыс, дос-жора, балаларының қолында шоғырланып отыр.

Тағы оқыңыздар:

Баян Есентаева: Мен екі отбасының шаңырағы шайқалғанын түсінемін

Ел алдында Тәуекелмен сүйіскен Жанар Дұғалова тыңдармандарына жақпай қалды

Күйзелген адамды жөргекке орап емдейтін жапондықтар жұртты таңғалдырды 

Неймар "Ақтөбе" футбол клубына жанкүйер болатынын мәлімдеді

Баян Есентаеваның сүйіктісі "Құрмет" орденімен марапатталды 

Головкиннің қарсыласы қалай дайындалып жатыр? (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1401433-el-biliginde-otyrghan-aghayyndy-sheneun/

pixel