Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев сақал қоятындар мен тұмшаланатындарға қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Діни басқарма өкілдерімен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Елбасы басқосуға келген басқарма өкілдеріне діннің Қазақстан халқының өмірінде алатын орнының ерекше екенін атап өтті.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақтың діни сауатсыздығына аса назар аударды.

"Діни сауатсыздықтың салдарынан жастарымыз сақал қойып, балақтарын қысқартып тастаған. Сондай-ақ, өздерін қара киіммен тұмшалап алатын қазақстандық қыздар саны көбейіп барады. Бұл біздің салт-дәстүрімізге де, халқымызға да сай емес. Бұған заң жүзінде тыйым салу туралы сұрақты қарастыру керек. Қазақтар қара киімді қайғылы жағдай кезінде ғана киеді", - деді мемлекет басшысы кездесу барысында.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Астанада торт жеген оқушылар жаппай ауруханаға түсті

Димаштың атын пайдаланып сұхбат беретін алаяқтар пайда болды

Божко: Астананы су алады деп қорқытқандардың басын жұлу керек

Қаскелеңде егіздердің сыңарын соқыр қылған дәрігерлердің басы дауға қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1470980-nazarbaev-saqal-qoyyp-qara-kiimmen-tu/