jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Ана тілінде сөйлей алмайтын Әділет министрі қазақша сөйлеу үшін сабақ алып жүр

    : UGC

    Әділет министрі Марат Бекетаев 1 жылдың ішінде қазақ тілінде еркін сөйлеуге уәде берді деп хабарлайды Baq.kz.

    Бүгін Парламент мәжілісінде Әділет министрі Марат Бекетаев «Қазақстанның кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын алғаш рет таныстырды. Мәжіліс отырысынан кейін басшы журналистердің сұрағына көбінесе орыс тілінде жауап берді.

    Осыған шыдай алмаған журналист: «Соңғы сұрақ. Сіз қазақ тілінде еркін сөйлеу үшін сабақ алып жүрсіз бе? Бізге қашан қазақ тілінде толық жауап бересіз?», - деді журналист министрге.

    «Сіздердің қазақ тіліндегі сұрақтарыңызға 1 жылдың ішінде жауап беремін. Қазір аптасына 3 рет қазақ тілінен сабақ алып жүрмін. Тырысудамын», - деді Марат Бекетаев тілшінің сауалына.

    Сонымен қатар басшы өзінің қазақ тілінен тәжірибесін үнемі жетілдіріп жүргендігін айтып қалды.

    «Мен ауылға барған кезде қазақша сөйлеймін. Туыстарыммен қазақша сөйлесемін. Маған қазақша сөйлеген ұнайды», - деп түйіндеді сөзін Марат Бекетаев.

    Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

    ⇓⇓⇓

    Тағы оқыңыздар:

    Мейрамбек пен Медеу Арынбаевтың бірге айтқан әні елді жылатты 

    Қанат Исламды сынға алғандар танымал блогердің күлкісін келтірді

    Украиналық мұғалім өзінің туған қызын 9 қабаттан итеріп жіберді (видео)

    Азия бокс конфедерациясы Василий Левитті Дычкомен шатастырып алды

    Ана тілінде сөйлей алмайтын Әділет министрі қазақша сөйлеу үшін сабақ алып жүр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.