Ежелгі Қытай жұлдызнамасы бойынша жаңа жылда сізді не күтіп тұр?
Жарияланған күні:
Григориан күнтізбесінде жаңа жыл 1 қаңтар күні басталады. Батыс елдерінің көпшілігі осы есеппен жүреді. Ал ай күнтізбесіне сәйкес, Қытайда жаңа жыл 16 ақпанға тура келеді. Сонымен, ежелгі Қытай жұлдызнамасы бойынша жаңа жылда сізді не күтіп тұрғанын businessinsider.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Қытай жұлдызнамасының болжамы бойынша, 2018 жыл көптеген адамдар үшін тыныштық пен бақыт жылы болады. Алайда әр жылы туған адамдарға ит жылы өзінше әсер етеді екен.
Тышқан (1924, 1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008)
Ит жылы "тышқандар" үшін айтарлықтай көп еңбектенуді талап ететін ауыр жыл болмақ. Себебі сіздің әдеттегі жұмыс нормаңыз қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін бұл жылы аздық етуі мүмкін.
Сиыр (1913, 1925, 1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009)
2018 жыл сиыр жылы туғандар үшін өте сәтті жылдардың бірі. Тіпті, қазір сіз бір қиындыққа тап болсаңыз, жылдың аяғына қарай ол өз шешімін тауып, оңай құтыласыз.
Барыс (1926, 1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010)
Барыстар осы жылы адамдарға екінші мүмкіндік берсе өкінбейді. Осы арқылы сіз өмірге кешіріммен қарап үйренесіз.
Қоян (1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011)
Жұмысқа күш салып, достарыңызбен қарым-қатынасты арттыратын жыл. Жалпы, 2018 жыл сізге сәттілік әкелетін жыл деуге негіз бар.
Ұлу (1928, 1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012)
2018 жыл барлық жыл белгілері үшін жаман болмайды. Десек те, ұлулар үшін көбірек жақсылық сыйлайтыны сөзсіз. Ол үшін мейлінше кешірімді болып, басқалардың қалауына да құлақ салуды үйреніңіз. Бұл өз кезегінде сіздің де жолыңызды ашып, сәттілігіңізді еселемек.
Жылан (1929, 1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013)
Жұлдызнама "жыландарға" ит жылында барынша мейірімділік танытуға кеңес береді. Өткен қателіктеріңіздің артын жуып-шайып, күнәларыңыздан тазаруға қолайлы жыл.
Жылқы (1930, 1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002, 2014)
Жылқы жылы туғандар бұл жылы барынша сабырлы болып, әрбір шешімін асықпай қабылдағаны жөн. Бұл сіздің сәтсіздікке ұшырап, өкініп қалмауыңызға алғышарт болмақ.
Қой (1931, 1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015)
Мансабыңыз бен әлеуметтік ортаңызда белсенділігіңізді арттырыңыз. 2018 жыл сіз үшін тосынсыйға толы болады деп күтілуде. Соның арқасында жаңа қызметке орналасып қалуыңыз да ықтимал.
Маймыл (1920, 1932, 1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016)
Маймыл жылы туылған жандардың сезімталдық қасиеті жоғарылап, айналасындағы адамдарды жақсырақ түсіне бастайды.
Тауық (1921, 1933, 1945, 1957, 1969, 1981, 1993, 2005, 2017)
Биыл жаңа жобаларды бастап, жаңа адамдармен танысу және бұрын болмаған жерлерге саяхаттау мүмкіндігі көптеп туады. 2018 жаңа достық қарым-қатынас орнататын жыл болмақ.
Ит (1922, 1934, 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018)
Көптеген белгілер басынан өткергендей, бұл ит жылы туғандардың "мүшел" жылы. Сондықтан сәттілік пен сәтсіздік қатар жүреді деуге болады. Бірақ Қытай астрологиясына сәйкес, бұл жылы сәттілік көп орын алады. Бұл мансап, оқу немесе пәтер ауыстырып, өмірді өзгерту үшін тамаша жыл.
Шошқа (1923, 1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007)
2017 жылы пайда болған уайымдар мен қорқыныштар 2018 жылы аяқталады. Жұлдызнамаға сәйкес, сіз осы қорқыныштармен күресуге көмектесетін жақсы адамдармен танысасыз. Жыл бойы басыңызды тік ұстап, ұнжырғаңызды түсірмеңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1716686-ezelgi-kytaj-zldyznamasy-bojynsa-zaa-zylda-sizdi-ne-ktip-tr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.