Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Чмо, чмо, чмо": Ақмола облысының атышулы шенеунігі жұмыстан қуылды

Опубликовано:

Өз қарамағындағыларды балағаттағаны үшін Ақмола облысы, Сандықтау ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлмінің басшысы Мадина Дюсенбаева жұмыстан шығарылды деп хабарлайды "Көкшетау Азияға" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодағы кадр.
Видеодағы кадр.: UGC

Этика кеңесінің отырысы 10 шілде күні өтті. Сол кезде әйелдің өзінің қол астындағы қызметкерлерін балағаттағанымен қоса қол көтергені де анықталды.

Комиссияға шенеуніктің бейәдеп қылықтарының дәлелі ретінде аудиожазбалар ұсынылды. Кеңес мүшелері естіген сөздерден шошып кеткен.

Алайда, Дюсенбаева өз кінәсін мойындамады. Ол жазбадағы дауыстың оныкі екенін дәлелдеу мүмкін еместігін жеткізген. Бірақ комиссияның ойы, әрине, басқалай болды.

Сондай-ақ, Кеңесте Дюсенбаева "құтыршақ" деп атаған Сандықтау ауданы әкімі орынбасарының арызы да қарастырылды. Алайда шенеунік бұл сөздердің әдеби екенін және оның ешқандай тіл әдебін бұзбайтындығын жеткізді.

Кеңес соңында отырысқа қатысқандар Дюсенбаеваға өзінің мәдениетін көтеру керектігі жайлы айтып өтті.

Нәтижесінде Кеңес мүшелері бір тоқтамға келіп, Дюсенбаеваны жұмыстан шығару туралы шешім шығарды.

Еске салайық, бұдан бұрын Дюсенбаеваның қарамағындағы қызметкерлер бастықтарының балғаттап, бейәдеп сөздерін айтатынын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1742282-cmo-cmo-cmo-akmola-oblysyny-atysuly-seneunigi-zmystan-kuyldy/

pixel