jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Ресей Жомарт Ертаевты Қазақстанға қайтарудан бас тартты

    : UGC

    Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Қазақстанға "Алмател Қазақстан" (Алма ТВ) АҚ телекоммуникациялық компаниясының Жомарт Ертаевты қайтарудан бас тартты. Ол елімізде Bank RBK банкінің 80 млн доллар қаржысын жымқырған деп айыпталып отыр. Алайда Ертаевтың ізіне түсу заңсыз екені дәлелденген. Қазір ол Ресейде босқын болып жүр деп хабарлайды kommersant.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: kapital.kz
    Фото: kapital.kz: UGC

    Ресейдің Қазақстанға Жомарт Ертаевты бермейтіні туралы оның адвокаттары айтты.

    "Біз қолымызға Жомарттың үй қамақтан босатылуы туралы қағазды алған кезде, оны Қазақстанға жібермейтініне көзіміз жетті", - деді адвокат Алексей Петров.

    Қорғаушының сөзінше, елге қайтармау туралы шешімді олар босқын екені анықталған соң қабылдаған.

    "Ресейдің Жомартты елге қайтармайтынына қуаныштымыз. Себебі, ол отанында сот әділ шешім қабылдайды деп үміттенбеген де еді.", - деді адвокат.
    Ресей Жомарт Ертаевты Қазақстанға қайтарудан бас тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.