Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрі тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

Опубликовано:

24 жыл бұрын 7 сәуір күні тәжік-ауған шекарасында содырлардың кенеттен жасаған шабуылы салдарынан қазақстандық 17 жауынгер қайтыс болып, 33-і жарақаттанған. Осыған сәйкес Қазақстанның қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Ермекбаев жергілікті соғыс жауынгерлеріне арнап үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Ермекбаев. Фото: Sputnik Қазақстан
Нұрлан Ермекбаев. Фото: Sputnik Қазақстан: UGC

"Бүгін біз 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза болған қазақстандық бітімгершілерді еске алудамыз. Барлық тарихи және саяси қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан, жауынгерлеріміздің ерліктері мен батылдықтарының нышаны болған және солай болып қала беретін соғыс аяқталды.

Сіздердің әрқайсыңыз өміріңізге төнген қауіптің алдында ешбір ықпай, әскери борыштарыңызды абыроймен орындадыңыздар. Ерлік туралы әрдайым айтылуы қажет. Себебі, соғыс және бейбіт күндері болсын, ол туралы айтылатын уақыт та, орын да бар. Сіздердің ерліктеріңіз мәңгі жүрегімізде сақталады", - деді Ермекбаев.

Қорғаныс министрінің сөзінше, Тәжікстанда қазақстандық әскери қызметшілерді әрдайым құрметпен еске алады.

"1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында Тәжікстан Республикасының Пшихавр тау шатқалында  7-ші құрама бітімгершілік ротасы тараптың іргелес шекарасына содырлардың кенеттен қарулы шабуыл жасауына тап болды.

Қарсыластың басымдық күшімен болған төрт сағатқа созылған тең емес ұрыс барысында жауынгерлеріміз өздерінің әскери борыштарын абыроймен орындап, Әскери антқа адал болды. Бұл қантөгіс ұрыста 17 жауынгер қаза тапты, 33-і жарақат алды.

Құрметті локальді соғысқа қатысқан ардагерлер Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін сарқылмас күш-қуат тілеймін.

Небір қиындықтарды бастан кешірген локальді соғысқа қатысқандар бүгінде жойқын күш болып табылады.

Белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруде қосып жатқан үлестеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін", - деді Ермекбаев мәлімдемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1787463-korganys-ministri-tzik-augan-sekarasynda-kaza-tapkan-zauyngerlerdi-eske-aldy/

pixel