Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Арыстағы жарылыс жайлы: Егер кінәлілер болса, олар заңмен қатаң жазаланады

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше, 24 маусым күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға кінәлілер міндетті түрде өз жазасын алатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Twitter

Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Тwitter желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Президент өз жазбасында министрлерге арнайы тапсырма бергенін хабарлап, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Сондай-ақ, Тоқаев қауіпсіз жерлерге көшірілген Арыс қаласының тұрғындарын ыстық тамақпен, медициналық жәрдеммен қамтамасыз етіп, басқа да барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды деп хабарлайды Ақорда.

Президент азаматтардың қауіпсіздігі мен олардың дүние-мүліктерінің сақталуын бақылауда ұстау қажеттігін де ескертті. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігіне, әсіресе балаларға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

"Осы тәртіппен жұмысты жалғастырыңыздар. Үкіметке қалаға және оның тұрғындарына көмектесу туралы тапсырма берілді.
Қазір біз ең бірінші кезекте адамдардың, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Екінші – көрсетілетін көмектер. Арнайы қор құрылды. Арысқа бүкіл Қазақстан көмектеседі. Мен халықпен жұмыс істеп жатқан қаланың жұртшылығына, ардагерлерге ризашылығымды білдіремін.
Жарылыстың себептерін анықтау қажет. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу-тексеру басталды. Егер кінәлілер болса, олар заңмен қатаң жазаланады. Алдағы уақытта Арыс жарылғыш құрылғылардың барлығынан тазартылуы тиіс, – деді Қазақстан президенті.  

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өрт пен оқ-дәрілердің жарылыс болған жерлерді қалпына келтіру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болып, салдарынан бір адам қаза болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1801391-tokaev-kinliler-zauapkersilikke-tartylatyn-bolady/

pixel