Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды
Опубликовано:
Бауыржан Байбек "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/d90f777676a04a65_w.jpeg)
Бұл туралы Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады.
"Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының жаңа бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті таныстырды" , - деп жазған ол.
Бұған дейін Бауыржан Байбек 2015 жылдан бері Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1802229-bauyrzan-bajbek-nur-otan-partiasy-tragasyny-birinsi-orynbasary-boldy/