Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Бақауовтың үстінен облыстың жоғары лауазымды шенеунігі арыз жазған

Опубликовано:

Павлодар облысының әкіміне қатысты жаңа мәлімет пайда болды: мемлекеттік қызметкердің үстінен полицияға арызды өңірдің жоғары лауазымды шенеунігі жазған болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Болат Бақауов. Фото: nstagram.com/pavlodar_region
Болат Бақауов. Фото: nstagram.com/pavlodar_region: Instagram

Басылымның дереккөзінің хабарлауынша, Болат Бақауов пен оның көмекшісін қызметтің өкілеттігін асыра сілтеп қолданғаны үшін тұтқындаған.

Бақауовтың үстінен Павлодар облысының жоғары лауазымды шенеуніктердің бірі арыз түсірген.

ҰҚК әзірге Бақауовтың ұсталғанына қатысты ресми ақпарат берген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар өңірінің басшысын тұтқындағаны туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Желідегі мәліметтерге сәйкес әкіммен қоса, оның көмекшісі де ұсталған.

Әлеуметтік желілерде шенеуніктің үйінде тінту жұмыстары жүргізілгені де хабарланды. Ал әкімдік ғимараты болса, құқыққорғау қызметкерлерімен қоршалған.

Сонымен қатар, әкім мен оның көмекшісі жиналыс кезінде тұтқындалғаны хабарлануда.

Еске сала кетейік, бұған дейін әкімнің есімі оның суретіне қатысты оқиға салдарынан БАҚ беттеріне шықты. Анықталғандай, шенеуніктің портреті аукционда 28 миллион теңгеге сатылып кеткен. Кейбір ақпарат өкілдері тіптен, әкімнің суреті 31 млн теңгеге сатылды деп жазған.

Аса ерекше лотты сатып алған адам қалалық мәслихат депутаты Гнел Акопян болып шықты.

Кейіннен әкімдікте суреттің бағасын жоққа шығарып, оның 700 мың теңгеге сатылғанын мәлімдеген еді.

Оған қоса, Болат Бақауов алимент төлеуден қашқан әкелердің көлігін тартып алғанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1836321-bak-bakauovty-stinen-oblysty-zogary-lauazymdy-seneunigi-aryz-zazgan/

pixel